Жас Ұлан"
Аудандық мәдениет үйінде Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында "Кемелді келешекке - Кемеңгер Елбасымен" атты "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы көшбасшыларына арналған аудандық форум болып өтті. Форум жұмысына қатысқан партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Құлыбеков форум жұмысына сәттілік тілеп, "жасұландықтардың" еліміздің патриот азаматтары болып қалыптасуына тілектестігін жеткізді.














