Бүгін:

«Театр-KZ» фестивалі

«Театр-KZ» фестивалі өз мәресіне жетті.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығының ұйымдастыруымен орталығы облыстық халық театрларының шығармашылық дамуына және тұрғындардың театрға деген қызығушылығын арттыру, облыстағы «халықтық» театрлар, драма үйірмелеріне қатысушылардың орындаушылық шеберліктерін шыңдау, халық театрларының бір-бірімен тәжірбие алмасуы арқылы өнерлерін жетілдіру, жандандыру мақсатында 2018 жылдың 22-23 қараша күндері Облыстық қазақ драма театрында халық театрларының «Театр-KZ» фестивалі өтті. Іс- шараға зиялы қауым, жоғарғы және арнаулы орта білім ошақтарының ұстаздары мен білімгерлері, облыс аудандары мәдениет мекемелерінің ұжымдары, жалпы өнерге қызығушы қауым қатысты.
Фестивальге облысымыздағы 17 театр ұжымдарынан барлығы 45 үміткер қатысты. Фестиваль «Бір актер театры» қағидасы бойынша өтіп, халық театрларының қатысушылары пародия, этюд, монолог, мимика жанрлары бойынша өнер көрсетті.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
І орын- «Дулати» жастар театры, Тараз қаласы
ІІ орын- «Сарысу» театры, Сарысу ауданы
ІІІ орын- Б.Битанов театры, Т.Рысқұлов ауданы

 
 

 


 



 




 






 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз