Бүгін:
kz ru

«Аққуым-мөлдір» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Сарысу ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйіне қарасты Саудакент ауылдық мідениет үйінде Ақын, жергілікті сазгер Төлеу Үшқоңыровтың 80 жасқа толуына арналған «Аққуым-мөлдір» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Ән-ғұмыр сазыменен сергітетін,
Сөз ұғым жақсы ойды өрбітетін.
Ән-мен сөз таптырмайтын жан дәруі,
Санаңа жан самалын еңгізетін.

Ән дауа – жаныңызды жадыратар,
Ән дара – ғашықтардың бағын ашар.
Ән сана – тәрбиеші ғажайып нұр,
Жүрекке өз әмірін қабылдата

«Туған жер ешнәрсе жоқ сенен ыстық,,, Өйткені сенде туып, сенен ұштық»...деп осы ауылымыздан шыққан ойы ұғымды, сөзі ұшқыр Төлеу Үшқоңыровтың шығармашылығына арналған «Аққуым-мөлдір» атты Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен әдеби-сазды кеш өткізілді
Төлеу Үшқоңыров - өз тұрғыластарынан болмысы бөлек, бітімі басқа ерекше тұлға. Бұлай дейтініміз, ол өміршең өнердің үш тармағы поэзия, проза жіне сазгерлікті бір-бірінен ажыратпай қатар меңгерген.
Кезінде «Сегіз қырлы, бір сырлы» жанның сазгерлік қасиеті, дарыны, қабілеті ел ішіне лезде тарап, бес аспап шығармашылық иесінің мәртебесін биіктете түсті. «Айғанайым», «Аққуым мөлдір», «Асыл құрбым» әндерімен барша әнсүйер әлеуметтің жүрегін жаулап алды десек артық пікір емес.
Төлеу Үшқоңыровтың айта қаларлықтай тіршілігі - өз әндерінің сөзін өзі жазады. Ақын болып ойланады, сазгер болып толғанады. Бір жүректен екі өнер қабаттасып, қияға қанат қағады. Жаратылысында Төлеу атамыздың әр әні – бір тарих, бір ғұмыр, бір тағдыр! Оны қаншама жылдар бойы қолынан қаламын түсірмей, маңдайынан ащы тер төгіп дүниеге әкелген «Аққуым мөлдір» әдеби көркем шығармасынан байқауға болады.
Төлеу Үшқоңыров – қарымды қаламгер, Ұлы дала түлегі. Кешегі болмысты бүгінге жеткізуші. Бүгінгінің салмағын ертеңнің ерекшелігімен екшеп, өлшейтін талғампаз таразышы. Көсем ой құпиясын пайымдаған сөз зергері.
















 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз