«Мен Абайды оқимын»
«Мен Абайды оқимын»
Аудандық мәдениет үйінде кітапхана оқу залында Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі мен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастыруымен аудандық «Мен Абайды оқимын» атты әдеби кеш өткізілді. Слайдта атты көрсетілім жасалды. Кешке ауданымыздың «Құрметті азаматы», жазушы – Пернебай Дүйсенбин қатысып, жастарға Абайдың насихаттарын үйретіп, өлеңдеріне талдау жасады. Кешті «Жастар ресурстық орталығының» директоры М.Бегеев ашып, сөз сөйледі. Кітапхана қызметкері Ж.Тынысбек Абай атамыздың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты өлеңін оқыса, «Жастар ресурстық орталығының» директорының орынбасары Ж.Жұмағұл «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңінен шашу шашты. Кітапхананың қызметкері Л.Рахымбаева «Абайдың өрнектелген өмір жолы» атты библиографиялық шолу жасады. Кешті «Жастар ресурстық орталығының» психолог маманы С.Тоқбанов жүргізді.