Бүгін:
kz ru

Табиғат аясындағы тағзым немесе Қарт Қаратауға тағзым.

Табиғат аясындағы Қарт Қаратауға тағзым.

Сарысу ауданы әкімдігінің және аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының ұйымдастыруымен, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің қолдауымен аталмыш кешеннің «Көксу» кен байыту фабрикасында Елбасының рухани жаңғыру мақаласы "Атамекен" кіші бағдарламасы аясында "Ұрпақтар жалғастығы" жоба мақсатында Тағзым күні "Табиғат аясындағы тағзым немесе Қарт Қаратауға тағзым" атты маңызды шара өтті.

Ірі- ірі, алып "Белаздарды" бағындырған, тау-кеншілер қызмет ететін өндіріс алқабы мерекелік шараға байланысты безендірілген. Сахнаға кілем төселіп, көктемнің келгенінен хабардар еткен гүл шоқтары, күшейткіш музыкалық аппараты, микрафондар қойылған.
Концерт басталғанша ұлттық нақыштағы музыка ойнатылып, салтанатты шараға жиналғандар күннің ызғарында елеместен тау ішінде Сәкеннің «Мен келем тау ішінде өлеңдетіп» деп жырлағанындай тау қыраттары да бір сәтке маужыраған ұйқысынан оянғандай, әсем бір күйге бөленіп тұрды.
Осы күнді 72-жылдық тарихы бар, ел экономикасының қарқынды дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан ауданымыздың ең ірі кәсіпорыны «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені директоры Мұратқали Бақтыкерейұлы Сәрсенов ұлыстың ұлы күнін, соның ішінде тағзым күнін, өз еңбеккерлерімен жоғары деңгейде, еңбектің тай қазаны қайнаған кеніш ортасында, қатпарлы таулардың арасында ерекше екпінде атап өтуді қолға алды.
Шараның мақсаты да осы көнеден келе жатқан ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесін дәстүрлі жаңғыртуға бағытталған. Бүгінгі іс-шарада кейінгі буын ұрпақ үшін ерен еңбек еткен ардақты азаматтарымыз бен ұлы тұлғаларымыздың рухына, киелі туған жер мекеніміз Жер анаға және шежірелі тарихы рухани азығымыз, қойнындағы таусылмас кені ұрпақтан-ұрпаққа жететін, сарқылмас байлығымыз болған , қазыналы қарт Қаратауға тағзым ету.

Шараны Сарысу аудан әкімінің орынбасары Динара Асанова сөз сөйлеп ашып берді.
Одан кейін облыстық маслихат депутаты,облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы
Тілепберген Мейрамбек:-Тағзым ету «Өлі риза болмай тірі байымайды» дегендей өмірден өткен әруақтарға құран бағыштап, одан қала берді туған жерге, елге, Отанға, әрбір еңібегі елеулі, жастарға үлгі-өнеге болар ортамызда жүрген азаматтарға да тағзым етіп, оларды көпке таныту да қазақы мінезімізбен әдеп-ғұрпымызға тән қасиет. «Жақысының жақсылығын айт нұры тасысын» деген дана қазақ. Олай болса осындай ерекше екпінде, тау ішінде жұмысшы-қызметкерлерін ұлықтап, талай сала майталмандарының табаны тиген, қолдарымен бірқаншама игі істер атқарған кен ортасында шараның аталып өтуінің өзі тағзым етіп, үлгі аларлық дүние деп, мұндай шараның өткізілуіне мұрындық болған, аудан әкімдігі мен кешендіктерге алғысын жеткізді.
Содан соң, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құдайберлі Әбілов, «Еврохим» ЖШС-нің әлеуметтік мәселелер жөніндегі директоры Бугаев Владимир Степанович , ақын Алтай Сатыбеков құттықтау сөздер сөйлеп, шара маңыздылығына тоқталып өтті. Жиналған қонақтар мен кеншілер ұжымы көңілді шарада қол соғып, өздерінің ризашылықтарын білдірді.
500 ге тарта жиналған жұртшылық табиғат аясындағы тағзымға тәнті болды.
Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әнмен күйден шашу шашып, «Шолақтау» және «Қаратау» тау – кен өңдеу кешендерінің директоры Мұратқали Сәрсенов қортынды сөз сөйледі.
Тарихқа тағзым, ұлы өндірісті далаға, Қарт Қаратауға, еңбекшілердің ересен еңбектеріне тағзым етуге бағытталған концертік шара соңы кешендіктердің наурыз көжеден дәм татып,естелікке суретке
түсіп, бата беру салтына ұласты.





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз