«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
Сарысу ауданы ЖАҢААРЫҚ ауылдық клубында Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар!» атты ақпараттық автокеруені Сарысу ауданы Игілік ауылдық округі «Игілік» ауылдық клубы және Жаңаарық ауылдық округі «Ұ.Сыздықбаев» атындағы клуб-үй базасында болып өтті. Шараның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын жастарға кеңінен насихаттау, дәстүрлі Жолдауында айқындалған міндеттерді жастар арасында түсіндіру және оның маңыздылығын жеткізу, Жолдауда көрсетілген негізгі мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға атсалысуға шақыру.
Автокеруен барысында жастардың түрлі санатына кеңес беру мақсатында «консультациялық алаң» ұйымдастырылып, онда облыс әкімдігінің аудандардағы «Жұмыспен қамту орталығының» мамандары, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» психолог маманы, аудандық ішкі істер бөлімі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, білім, денсаулық сақтау, тілдерді дамыту, халыққа қызмет көрсету орталығы, дін істері басқармаларынан және «Жас Отан» жастар қанатынан құралған автокеруен мүшелері аудан тұрғындарына түрлі мәселелер аясында кеңес беру жұмыстарын жүргізді.
Аталған автокеруен жұмысына 100-ге тарта түрлі санаттағы жастар қатысып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алып, әртүрлі ұсыныстар мен пікірлер қалдырды.


