Бүгін:
kz ru

ҚАЗАҚША КВН

ҚАЗАҚША КВН

Сарысу ауданына 90 жылдығына орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен,Сарысу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Egov электрондық үкімет – бәрімізге міндет» атты мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы Қазақша КВН ойындары өтті. Байқауға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Ж.Тойшыбеков, басқармасының бас маманы Б.Кеңесбек, аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Жарықбасов, аудан әкімдігіхалықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Т.Абдраев, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Есмұрзаев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры М.Бегеев қазылық етті. Байқац барысында аудан әкімі аппаратының жетекшісі Жұбаныш Халықбергенұлы барлық қатысушыларды ауданымыздың 90 жылдығымен құттықтап, жастарды қоғамда позитивтік өмірді қалыптастыруға шақырды. Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды – Абылай хан орта мектебінің «Бұзықтар» командасы жеңіп алса, 2 орынды – М.Әуезов мектеп-гимназиясынан келген «Кіші серілер» командасы иеленді. Жүлделі 3 орынды – Ш.Уәлиханов мектеп-гимназиясынан қатысқан «Ерекше» командасы місе тұтты. «Үздік ойыншы» номинациясы «Бұзықтар» командасының өкілі – Аманбек Іңкәрға бұйырды. Сайысқа қатысқан барлық команда мен жеңімпаз командалар мекеменің «Алғыс хатымен» марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.


 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз