Бүгін:
kz ru

Мемлекеттік қызметкерлер арасында аяқ доп додасы.

                                                 Мемлекеттік қызметкерлер арасында аяқ доп додасы.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Сарысу ауданында мемлекеттік қызметкерлері арасында кіші футболдан өткен аудандық турнир өтті.
Бұл турнирге аудан әкімдігі аппаратының, ауыл мен Жаңатас қаласы әкімдігінің, бірқатар мекеме-кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Негізгі мақсат: мемлекеттік басқару органдары қызметкерлері арасында бұқаралық спортты дамыта отырып, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, қызметкерлер арасында достық қатынасты арттыру болып табылады. Тартысты өткен турнир жеңімпаздары мен үздік шыққан жеке спортшыларын аудан әкімі Балабек Нарбаев аудан әкімдігінің мәжіліс залында құттықтап, марапаттады.
Атап өтер болсақ: «ҮЗДІК ҚАҚПАШЫ» номинациясында ««СҰҢҚАР» командасының ойыншысы, Байқадам ауылдық округі әкімінің орынбасары ТӨЛЕУТАЙ МАҚСАТ, «ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫ» номинациясында «АЛҒА» командасының ойыншысы, Түркістан ауылдық округінің әкімі БОРСЫҚОВ ДҮЙСЕНӘЛІ, "ҮЗДІК ОЙЫНШЫ» номинациясында «ҚЫРАН» командасының ойыншысы, Досбол ауылдық округінің әкімі МОЛДАБЕКОВ НҰРЛАН марапатталды.
Ал, осы турнирдің "ҚОЛА» ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ: аудан әкімдігінің білім, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп, Қаржы бөлімідерінің мемлекеттік қызметкерлерінен құралған «Қайрат» командасы (команда капитаны Имашев Ерлан ) марапатталды.
Және де осы мәтінде турнирдің «КҮМІС» ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдер дамыту, Ішкі саясат, Ветеринария, Тұрғын үй инспекциясы бөлімідерінің мемлекеттік қызметкерлерінен құралған «Тұлпар» командасы (команда капитаны Есмұрзаев Мұратбек) марапатталды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған мемлекеттік қызметкерлері арасында кіші футболдан өткен аудандық турнирдің ЧЕМПИОНДАРЫ, «АЛТЫН МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРЛЕРІ» әріптестерінен озық ойын түрін көрсеткен: аудан әкімі аппараты және Дене шынықтыру және спорт бөлімідерінің мемлекеттік қызметкерлерінен құралған «Сарысу» командасы ( команда капитаны Жарықбасов Жуаныш) марапатталды.



 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз