Жаңғыру жолында
Жаңғыру жолында
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасының жарияланғанына биыл бір жыл толды. Еліміздің болашағына бағыт беретін, әрбір адамның өзін және айналасын тануға жол ашатын бас-ты идеологиялық құжат болып тұрған бұл бағдарлама-еліміздің жаһандық бәсекеге қабілетті мемлекет болуына ұмтылысымызды арттыруда.Осыған орай өткен аптаның жұмасы күні аудандық мәдениет үйінде аудан өнерпаздарының мерекелік концерті өтті.
«Айжанқыз» халықтық би ұжымының орындауындағы «Рух құсы» атты биімен сахна шымылдығы ашылды.
Мерекелік кеште аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкей мерекемен аудан жұртшылығын құттықтады:
– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Президент Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөлісті.Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс. Рухани жаңғыру аясында ауданымызда ауқымды игі істер атқарылуда,-деді Сонымен қатар, «Аудандық жобалық офистің» үйлестірушісі Ж. Тынысбек рухани жаңғыру бағдарламалық құжат аясында ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырып өтті.Сондай-ақ, жобалық офистің «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша үйлестірушісі А.Бүркітбай «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасы аясында хабарлама жасады. Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты













