Бүгін:
kz ru

Тілге құрмет-елге құрмет Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ Н.Назарбаев

Тілге құрмет-елге құрмет Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ Н.Назарбаев

 

Аптаның дүйсенбісі күні мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін және мәртебесін көтеру, жас жазба ақындарының ана тіліне деген құрметін арттыру мақсатында аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Ана тілім, дара тілім, бақ тілім» атты мектеп оқушылары мен колледж білімгерлері арасында аудандық жазба ақындар жыр-мүшайрасы өтті.

Байқауға колледж білімгерлерімен мектептердегі жоғарғы сынып оқушылары қатысып, ана тілі туралы өздерінің шығарған өлең жолдарын нақышына келтіріп орындау және еркін тақырыптағы шығарған өлеңдерін оқу сынды екі кезең бойынша 12 оқушы бақтарын сынады.

Осы байқаудың сын таразысынан өткізген әділқазылардың шешімімен бас жүлдені Жаңатас көпсалалы колледжінің білімгері Несібелі Мұхамедиярова жеңіп алса, жүлделі 1-орыннан М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясынан қатысқан Мерей Алдажаров көрінді. 2-орынды Ш.Датқа орта мектебінің оқу шысы Ақбота Сәрсенбекова мен Игілік ауылдық балалар өнер мектебінің оқушысы Алина Әділова бөлісті. Ал, 3-орынды Сарысу орта мектебінің оқушысы Нұрсұлтан Мейрамбекұлы сондай-ақ, Ы.Сүлейменов орта мектебінің оқушысы Бекзат Ермекұлы және Жаңаталап орта мектебінің оқушысы Аружан Тұрғанбаева өзара бөлісті. Шара соңында әділқазы алқасының мүшелері өнерлерін шыңдаған жас ақындарға табыс, өлеңдеріне шабыт тілеп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.







 

 

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз