Бүгін:
kz ru

«СЫРЛЫ ЖЕҢГЕ, СҰЛУ ҚЫЗ» БАЙҚАУЫ

                                        «СЫРЛЫ ЖЕҢГЕ, СҰЛУ ҚЫЗ» БАЙҚАУЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындааудандық мәдениет үйіне қарасты  Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мереке қарсаңында «Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты танымдық байқау өткізілді. Байқауды Байқадам ауылдық округ әкімі Ержан Көлбаев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бірнеше айналымнан тұратын ерекше байқауға қатысушылардың тыңғылықты дайындалғандары байқалып-ақ тұрды. Қазақтың салт-дәстүріне сай ақ орамал таққан жеңгелер мен шолпылары сылдырлаған ерке қыздар ақылымен де, биімен де, әнімен де, білімімен де көрерменнің қошеметіне бөленді. Байқауда жеңге мен қайын сіңлі арасындағы ерекше сыйластық паш етілді. Сайыс барысында жеңгелер бойжеткендерімен сырласа отырып, қалың көпшілікке өздерін таныстырды, қайын сіңлілеріне қолөнер бұйымдарын жасауды үйретті, өз өнерлерін ортаға салды және жеңге мен қайын сіңлі арасындағы сыйластықты көрініс арқылы көрсетті, олардың білімі мен біліктілік деңгейлері сыналды. Қазылар алқасының шешімімен Б.Адамбаев атындағы тірек мектебінен қатысқан Гүлім Бейсенбаева мен Ақбота Ерікова 1-орынды иеленді. «Ақбота» балалар бағынан Ақерке Дүйсенбаева мен Ниязбекова, Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінен Құралай Оспанова мен Шынар Тойымбекова екінші, Ы.Сүлейменов атындағы орта мектебінен Гүлжанар Хамзеева мен Асылай Бекмұрат, Саудакент аула клубынан Перизат Шыназбаева мен Ләйла Ниязова үшінші орындармен марапатталды. Жүлдегерлерге арнайы мадақтама қағазы және сыйлықтар табыс етілді. Мәдени-көпшілік шара өте жоғары деңгейде өтіп, көрермендердің көңілінен шықты.





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз