Бүгін:
kz ru

Алғыспен елім көркейсін

Алғыспен елім көркейсін

1 наурыз-«Алғыс айту» мерекесі тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің, қасиетті қазақ жеріне, қонақжай қазақ халқына алғыс айтатын күн.

Бұл мереке-күрделі заманда қиындықты бірге жеңіп, Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында, аянбай еңбек етіп, тер төккен, еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет көрсететін күні. Бұл мереке-көпұлтты Қазақстан халқының тағдыр тоғыстырған ортақ тарихын құрметтейтін күн!Осы мерекеге орай аудандық мәдениет үйініің ұйымдастыруымен   «Алғыспен елім көркейсін» атты мерекелік  іс-шара өтті.Іс-шара шымылдығы флеш-моб және «Айжанқыз» халықтық би ұжымының «Қазақ биімен» ашылды. Жазушы Герольд Бельгердің шығармасы бойынша қойылған «Алғысқа толы жүректер» атты театрландырылған көрініс көрермендердің көңілінен шықты.Сондай-ақ, іс-шара Берік Серікбаев пен Ғалымжан Тезекбаевтың орындауындағы «Туған жер» әнімен жалғасты.

Аудан әкіміНарбаев Балабек Жанбекұлы аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, береке-бірлік, ынтымақ, достық, татулық тіледі.

Сондай-ақ, 1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күніне орай аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Балабек Нарбаев, партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Құлыбеков ауданымыздың көркеюіне еселі еңбек етіп, өз үлестерін қосып жүрген азаматтарды «Нұр Отан » партиясы қатарына қабылдап, сонымен қатар бірнеше партия мүшелеріне «Нұр Отан» партиясы облыстық, аудандық филиалының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын тапсырды. Мерекелік шарада ауданымыздағы этномәдени орталықтарының жетекшілері мен «Сарысу аудандық Жобалық офисінің» үйлестірушісі Дариха Үмбетиярова құттықтау сөз сөйледі.Шара концерттік бағдарламамен жалғасып, өзбек, неміс, орыс билері биленіп, қырғыз, қазақ тілдерінде әндер шырқалды. Сонымен қатар, жастар алдыңғы толқын аға-әпкелеріне «Алғыс», «Рахмет» хаттарын таратты.

Сондай-ақ, осы мереке күні ауданымыздағы он дүкенде аудандық «Әбубәкір Сыддық» мешітінің ұйымдастыруымен 970 бөлке нан халыққа тегін таратылды. Қамқорлықты көрген тұрғындардың қуанышында шек жоқ.    

 Жаңатас қаласының тұрғыны, зейнеткер Әлпеш Қойлыбаева:

-Алғыс айту күнінде игілікті іс көрсетіп жатқан аудандық мешіттің имамдарына, дүкен иелеріне аналық алғысымыз шексіз. Мұндай игілікті істер ауданымызда көптеп атқарылуда. Бірнеше рет куәсі болдық. Кейінгі жас ұрпақ осыдан сабақ алып, бір-біріне көмектесіп, қамқорлық көрсетіп жүрсе, нұр үстіне нұр болар еді,-деді.

Осы мереке күні ауданымызда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.

Соның бірі аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Жаңатас «ВИП-кортеж» той қызмет орталығының ұйымдастыруымен бүлдіршіндерге бақыт пен шаттық сыйлау, жүздеріне күлкі, жүректеріне жылу ұялату мақсатында аудандағы мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге арналған «Жақсылықта жарысайық» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.Аталған акцияда 39 мүмкіндігі шектеулі балаларға әуелі қаланың көрікті жерлерін аралатып, «Шах» мейрамханасында дастархан жайылып, қызықты ойындар ойнатылып, тәттілер тарту етілді.


 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз