Бүгін:

«Ана тілім, дара тілім, бақ тілім»

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының мәдениет және тілдірді дамыту бөлімі және  Аудандық мәдениет үйінің бірлесе ұйымдастыруымен 2018 жылдың  20 ақпан күні  «Ана тілім, дара тілім, бақ тілім» атты аудандық жазба ақындар жыр- мүшайрасы өткізілді.

Байқауды өткізудегі мақсатымыз мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, жас жазба ақындарының ана тіліне деген құрметін арттыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, тілін, дінін, елін білуге, танытуға, үйренуге шақыру. Бұл іс-шара екі кезең бойынша өткізілді.

1 кезең - Ана тілі туралы өзінің шығарған өлеңін нақышына келтіріп, мәнерлеп орындау.2 кезең- Еркін тақырыпқа (Отан, туған жер,білім ордасы, туған  қаласы,ауылы, ата- анасы т.б) өлеңін шығарып, нақышына келтіріп, мәнерлеп орындауы.Байқауға 12 үміткер қатысты.Осы байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде Жаңатас көпсалалы колледжінің білімгері-Мұхамедиярова Несібелі,1-орын М.Әуезов меткеп гиназиясының оқушысы Мерей Алдажаров, 2-орын Ш.Датқа орта мектебінің оқушысы Ақбота Сәрсенбекова мен Игілік ауылдық балалар өнер мектебінің оқушысы Алина Әділова, 3-орын Сарысу орта мектебінің оқушысы Нұрсұлтан Мейрамбекұлы, Ы.Сүлейменов орта мектебінің оқушысы Бекзат Ермекұлы және Жаңаталап орта мектебінің оқушысы Аружан Тұрғанбаева ие болды.Келген барлық  қатысушылар Сарысу ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хаттарымен мараппаталды. Осы байқауды таразысынан өткізіп, әділ бағасын берген қазылар алқасы: КСРО, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудандық қоғамдық кеңесінің мәдениет білім ақпарат денсаулық бөлімінің жетекшісі, «Рухани жаңғыру» саласының мүшесі жазушы Бергентай Нұрмаханұлы ағамыз, Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғалымжан Рыспанов, Халықаралық  Айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер одағының, Халықаралық көркемөнерпаздар одағының мүшесі айтыскер ақын Алик Бекмусаев.









 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз