«Жастар белсенділігі бірліктің ұйытқысы»
Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімідігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйіне қарасты Жайылма ауылдық клубында «Жастар белсенділігі бірліктің ұйытқысы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс шарада Кенжебек Оспанов атамыз сөз алып - Жастар біздің болашағымыз!!!Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жастар Сіздерсіздер. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқанынымыз жөн. Бала бақытының кепілі - ата – ананың өнегелі тәрбиесінде. Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру - деп сөзін бастап жастарға ізгі тілегін білдірді.Шара барысында қатысушылар пікір алмасып, өз ойларын білдіріп, бүгінгі таңда тақырыпққа сай бар мәселелер бойынша талқылады. Жалпы қатысушылар белсене қатысып қатысты. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша 5-10 адамнан тұратын белсенді жастар қатарын құрып, алдағы уақытта өзекті тақырыптар бойынша отырыстар, жиындар, кездесулер сонымен бірге 2018 жылдың тамыз айында дебат сайысын өткізу жоспарлады.
Клуб меңгеруші: Белеев Самат
Ұйымдастырушы: Оспанов Жеңіс


