Бүгін:
kz ru

15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына байланысты «Ұрпаққа үлгі ерлік» атты кездесу кеші.

15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл  толуына байланысты «Ұрпаққа үлгі ерлік» атты кездесу кеші. 

 

Мақсаты: Қатысушыларға  ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

14 ақпан күні Жаңаталап ауылдық клубы және кітапхана ұжымының  бірлесе ұйымдастыруымен  15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстан  жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай «Ұрпаққа үлгі ерлік» атты кездесу кеші өтті. Іс-шараны  кітапхана меңгерушісі Досаева Аяулым жүргізіп отырды. Кешке ауған ардагері Отыншы Құланбаев, ауыл имамы Мәди Ақтөреев, зейнеткер  оқырман Үсен Шынасилов, мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты.Кеш барысында Ауған  соғысы туралы баяндама  оқылды.Кітапхана оқырмандары Оразбек Жанислам «Ұлы Отан»,Тұрар Нұрай «Туған жер», Алтынай  Диас «Жеңіс туы желбіреп» әндерін орындап  сонымен қатар Төлен Жаннұрдың  «Тойбастар» күйін тарту етті. Жаңаталап орта мектебінің 7 сынып оқушыларының ардаргерлерге арналған өлең жырларын оқыды, Құзаровап Гаухартас жерлес ақынымыз Маралтай Райымбекұлының «Мәңгілік ел» атты өлеңін нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды.Кеш барысында Ауған ардагері Құланбаев Отыншы ағайға сөз берілді.Сонымен қатар кеш қонақтары зейнеткер оқырман Үсен Шынасилов және Мәди Ақтөреев аталарымызға сөз біріліп,ол кісілер жас ұрпаққа жүрек жарды тілектерін білдірді. Іс шара соңында ардагерлерімізге естелік ретінде сый-сыяпаттар тапсырылып, «Ауған соғысы ел есінде» атты кітап көрмесі қойлып, кітапхана меңгерушісі Досаева Аяулым таныстыр өтті.

Жаңаталап ауылдық клубының меңгерушісі:Уалихан Жаркенов.









 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз