Ауғанның асуында от кешкендер
Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйіне қарасты Саудакент ауылдық мәдениет үйінде №1 Саудакент ауылдық кітапхана филиалының бірлесе ұйымдастыруымен Ауған соғысында болған боздақтар рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеу, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету мақсатында «Ауғанның асуында от кешкендер» атты Ауған соғысы ардагерлерімен үстел басындағы кездесу кеші өтті. Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылған күніне арналған кешке, Ауған соғысының ардагерлері А.Сыздықов, Ж.Дәулетов, А.Ақмолдаев, Ғ.Ескірмесов, О.Құланбаев ауған соғысында із-түссіз жоғалған О.Ысқақовтың ағасы Қ.Құлтаев, Ауған тәжік шекарасының жауынгері Б.Баулыбеков, Байқадам ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы М.Төлеутай және мектеп оқушылары қатысты. Ауған соғысының ардагерлері естен кетпес естеліктерін айтып, тілегін білдірді. От пен оқтың тезінен өткен, көргені көп, түйгені мол азаматтардың лебізі, өскелең ұрпақ үшін қашан да құнды. Кездесудің сәнін мәдениет үйі мен Саудакент саз мектебінің өнерпаздары ән-күймен өрнектеп отырды. Мәдениет үйінің қызметкерлері Алмаз Балтабаев, Мәди Таутаев, Нығметжан Халықов жүректен шыққан ән мен күйдін шеберліктерін танытып қатысушылардың көңілінен шығып ризашылыққа бөлінді. Кітапханашы Г.Пашанова мен Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Л.Алашбаев «Ауған соғысы-тарих қойнауының бір парағы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып келген қонақтарға таныстырып өтті. Келеген оқушылар Ауған жауынгерлеріне арналған өлең шумақтарын айтып бір көңілдерін серпіп тастады. Кеш соңында спорттық дойбы түрінен ауған ардагерлерінің арасында жарыс ұйымдастырылып, ардагер Жайлау Даулетов жеңіс тұғырынан көрініп, марапатқа ие болды. Кеш барысында ардагерлерге естелік сыйлықтар тарту етілді.
Саудакент ауылдық мәдениет үйінің директоры:
Ғазиз Жақсыпейлов.Әдіскер: Гұлсағат Сәрсекеева