Бүгін:
kz ru

«FoRmAt E» мәдениет қызметкерлеріне арналған облыстық семинар-тренинг.

«FoRmAt E» мәдениет қызметкерлеріне арналған 

облыстық семинар-тренинг.

Ағымдағы жылдың 12-14 ақпан күндері аралығында   «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, мәдениет қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жетілдіру, мәдени-демалыс ұйымдарының озық тәжірбиедегі жаңа бағыттарын игеру біліктілігін жоғарлату мақсатында Облысттық халық шығармашылығы орталығы мен Шымкент қаласының «FoRmAt E» мәдени даму оқу-әдістемелік орталығы Тараз қаласында семинар –тренинг өткізді. Бұл семинарда мәдениет үйі, ауылдық клуб қызметкерлері, кітапхана, музей, кино саласының мамандары қатысты. Бағдарламада Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің дамуына атсалысып жүрген клуб, кітапхана, музей, салаларының кәсіби мамандары лекциялық дәріс беріп, шеберлік сағаттарын өткізді. Атап айтатын болсақ:

Ауесбаев Ерлан Сатыбалдыұлы Қазақстан театр қайраткерлері Одағының мүшесі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мәдени және әлеуметтік қызмет» кафедрасының аға оқытушысы, «Формат Е» мәдени даму оқу-әдістемелік орталығының директоры,  Камалова Нәсіпханым Камалқызы Қазақстан республикасының қайраткері, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  «Театр және эстрадалық шығармашылық » кафедрасының профессоры,педагогикалық ғылымдарының кандидаты. Тоғаев Бақтыкерім Бейсенұлы Қазақстан Республикасының  театр қайраткерлері Одағының мүшесі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Өнер» кафедрасының аға оқытушысы, өнер танушы,театр педагогы. Қойшығұлова Гүлжамал Қалданқызы Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы президенті стипендиясының иегері. «Формат Е» мәдени даму оқу –әдістемелік орталығының ғылыми кеңесшісі. Мейірбеков Берікбай Бекматұлы «Мәдениет майталманы» медалінің иегері, «Білім беру ісінің үздігі», М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мәдени және әлеуметтік қызмет» кафедрасының аға оқытушысы, Лазар Гүлмира Лазарқызы Оңтүсік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ақпараттандыру және жарнамалық қызмет секторының меңгерушісі.Семинар барысында мәдени қызметкерлер көптеген мағлұматтарға ие болды.Бұл семенар мәдениет қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерін арттыруға көптеген септігін тигізді.Осы семенарды ұйымдастырған Облысттық халық шығармашылық орталығының ұжымына мәдениет қызметкерлерінің атынан алғысымызды білдіреміз.

Мәдениет саласы қызметкерлерінің алдында тың жаңа жұмыстар күтіп тұр. Ендігі жерде талғамы мен талабы күн санап өсіп келе жатқан рухани тұтынушыларды мәдени көпшілік іс- шараларды ұйымдастырудың жаңа  әдіс- тәсілдерімен таңқалдырып, тамсандыра алмайтынымыз анық. Озық технология мен өркениетті теориялық әдістемелерді пайдалану арқылы ғана мәдениеттің бұқаралығын арттыруға қол жеткізе алатындығымыз сөзсіз.

Жалпы  Мәдениет - халқымыздың рухани қазынасы, ішкі жан дүниемізді тәрбиелейтін қуатты құрал.  Мәдениет ең алдымен өркениеттің бастауы. Елдің ел болып қалыптасуы мен өркендеуі, адамгершілік асыл мұраттарды үлгі тұтуы жеке азаматтардың мәдениетінің дамуынан бастау алатындығы сөзсіз. Мәдениет - адам жанын тәрбиелейтін құрал болса, мәдениет қызметкерлері - адам жанының тәрбиешісі.








 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз