Бүгін:

Сәтті қойылымымен жеңімпаз атанған

Сәтті қойылымымен жеңімпаз атанған 

«Халық театры»

    Дәстүрлі жылда облыс көлемінде өткізілетін «Театр KZ» байқауында Сарысулықтар тағыда жеңімпаз атанды. Бірнеше жыл қатарынан 1-ші орынды ешкімге бермей келе жатқан біздің театр, биыл Асанәлі Әшімовтың 80 жылдығына орай «Қыз Жібек» фильмінен үзінді көрініс қойған болатын. Бұл көріністі Асанәлі Әшімов елге келгенде шығармашылық сый етіп қойып берген, театр өнерпаздары «Театр KZ» байқауынада осы көрініспен қатысты. Байқау шарты мен мақсатының өзі А.Әшімовтың өмірі мен өнеріне арналғандықтан, жерлестеріміз бұл іске белсене қатысты.

          «Көрініске қатысқан «Сарысу» халық театры мен «Саудакент» халық театрларының мүшелеріне, Жаңатас қалалық кәсіптік техникалық колледжінің білімгерлеріне, М.Әуезов мектеп-гимназиясының, Абылайхан орта мектебінің оқушыларына көріністің көпшілік сахналарының ұтымды, сәтті шығуына шыдамдылықпен, жауапкершілікпен атсалысқандары үшін шын жүректен алғысымды білдіремін»-деді шын қуанышын  жасыра алмаған қоюшы режиссер Рабиға Бердісүгірова Амангелдіқызы.

           Ұлттық рухымызды көтеретін, ұлтымыздың мақтанышы осындай қойылымдар, театр әртістерін әліде талай биіктерге жетелейтіні анық. Астанада ЭКСПО-да өнер көрсетіп, бұл байқаудан 1-ші орынды жеңіп алып, мереке сайын жаңа, сәтті қойылымдарымен ел алғысына бөленіп жүрген театр мүшелері алдағы мақсаттарменде бөлісті.

           «Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласы аясында биыл 90 жылдық торқалы тойы тойланатын ауданымыздың мерей тойынада тартар тартуымыз мол болмақ»-деп сыр бөлісті аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғалымжан Рыспанов.

           Қазақ асылдарының бейнелерін сомдап, ел алғысына бөленіп жүрген театр мүшелерінің аты-жөндерін мәдениет үйінің директоры Жұмакүл Сманқұлова шын жүректен, мақтанышпен атай бастады. Олар: көркемдік жетекші – Роза Өтембаева, режиссердің көмекшісі – Нұрбол Серкебаев, грим салушы – Бейбіт Талпақова,  костюмер – Түймекүл Меербекова, декоратор – Таңат Бекбергенов, суретші – Мақсат Омаров, музыкамен көркемдеушілер – Ораз Баймышев, Талғат Айтақов, театрдың белді әртістері – Балтабек Баулыбеков, Талғат Құсайынов, Қайрат Алтынбеков, Нығметжан Халықов, Бегайдар Аманбаев, Клара Бекниязова, Хамит Керімбаев, Нұрбол Шагиров, Ділдабек Дүйсенбаев, Ғалымжан Тезекбаев, Әлімжан , Күлпан Боранбаева, Гүлсара Қояналиева, Мейрамбек Жанпейісов, Майра Қозыкеева, Айдана Ұзақбекова, Сандуғаш Құттыбаева, Ерболат Шымкентов, Ерлан Егешов, Ақерке Ұзақбекова, Ерасыл, Ұлан Орынғалилар, Рабиға Болатова, Жазира Дәулетиярова, Ұлжан Хасанова. Театрдың сәтті қойылымдарының бәріне осы жоғарыда аталған жандардың еңбегі өте зор - деп сөзін аяқтады Жұмакүл Якудақызы.

       Бұл жеңіс жерлестерімізді жаңа биіктерге жетелейтіні анық.





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз