Бүгін:
kz ru

«Туған жерге тағзым»

«Туған жерге тағзым»

 

Аудандық мәдениет үйіне қарасты Арыстанды ауылдық клубының меңгерушісі Бадиров Абдулла, Арыстанды орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ыдырысов Төлеген және кітапхана ұжымының бірлесе ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» атты акция болып өтті. Акцияға Арыстанды ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Вали Ахметов, «Арыстанды» шаруа қожалығының төрағасы Жаңабай Дәндібаев, аудан әкімдігі жұмыспен қамту орталығының директоры Дәулетберді Шортанбаев, мектеп директоры және орынбасарлары, аудан әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Ғалия Есенбековна, аудандық мәдениет үйінің ескерткіштерді қорғау бөлімінің инспекторы Күлпан Боранбаева, зейнеткер Рая Боранбаева қатысты. Келген қонақтар өздерінің туған жері туралы жылы лебіздерін айтып, білім алған мектебі жайлы айтып өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ашылған «Туған өлке» кабинетін көріп, біраз мәліметтерге қанық болды. Сонымен қатар, өздерінің сыйлықтарын тарту етті.

Мектеп оқушылары және ауылдық клубы концерттік бағдарлама ұйымдастырды.Туған жер, Отан жайлы әндер шырқап, тақпақтар айтып, мың бұрала би биледі. Іс шара жоғары деңгейде өтті












 

                

 

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз