Бүгін:
kz ru

«Дін-тәрбиенің рухани тірегі» атты дөңгелек үстел басындағы әңгіме –сұхбат.

«Дін-тәрбиенің рухани тірегі» атты дөңгелек үстел басындағы әңгіме –сұхбат.

 

Мақсаты: Жастарға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету. Мұсылман діннің өміршендігін және Ислам дінін насихаттау. Өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру, жастарға экстремизм және террорлық әрекеттердің халық өміріне қауіптілігін түсіндіру, қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ балуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Аудандық мәдениет үйіне қарасты Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Дін тәрбиенің рухани тірегі» атты дөңгелек үстел басындағы әңгіме сұхбат өтті. Іс-шараның басты мақсаты жастарға экстремизм және терорлық әрекеттердің халық өміріне қауыптігін түсіндіру, қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Шараға Тараз қаласындағы «Һибатулла ат-Тарази» медресенің ұстазы Емберген Амангелді Назарбайұлы, еңбек ардагері Ажмағанбетов Түйешібай, «Майлыбай» мешітінің бас имамы Кәрімбеков Ғабит, «Жаңаталап» мешітінің  имамы Ақтөреев Мәди, жергілікті полиция инспекторы Есенбаев Ғабит Қалдыбекұлы, Арқабаев Қайрат Маратұлы, Байқадам ауылдық округінің орынбасары Төлеутай Мақсат,Саудакент ауылдық мәдениет үйінің директоры Жақсыпейлов Ғазиз, Байқадам ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Еспенбетов Мұрат Өсерұлы,мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. Арнайы орындардан келген қонақтар барынша қоғамдағы мәселелерді кеңінен талқылап,экстремизм мен террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднамамен таныстырды. Туралықтан таймау, адал болу,елге, жерге, дінге, отанға  деген махаббатпен әрдайым алға ұмтылу жайынды біраз насихаттар айтылды. Жастар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, имам мен сала қызметкерлері жан-жақты жауап беріп отырды. Жиында көптеген тақырыптар аясында біршама ақпаратпен қанық болған оқушылар өз ойларына жауап таба алды.








 

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз