Бүгін:
kz ru

«Желтоқсанның мұзда жанған алауы»

«Желтоқсанның мұзда жанған алауы»

16 желтоқсан-Тәуелсіздік мерекесі күні аудан тұрғындары ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып қойылған Ескерткіш тақта аллеясына көптеп жиналды. 

Салтанатты жиынды айтыскер ақын Талғат Құсайынов «Мерекеге тарту» арнау өлеңімен ашты. Мерекелік басқосуда аудан әкімі Балабек Нарбаев,Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейлі мерекесіне арнап қойылған ескерткіш тақтасын қойып, қаламыздың көркеюіне ұйытқы болған, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры Мұратқали Сәрсенов көпшілікті мерекемен құттықтады. Мерекелік шарада Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Ойықбай Қуандық, Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары Нұрсұлтан Мұратұлы, Дарья Серищева ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыса, аудандық мәдениет үйінің әншілері әннен шашу шашты.

Мерейлі мереке ескерткіш тақтаға барлық мекеме, кәсіпорын қызметкерлерінің гүл шоғын қою рәсімімен аяқталды.
   


 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз