Бүгін:
kz ru

«Жемқорлықтың алдын алу- басты міндет»


Аудандық мәдениет үйінде «Жемқорлықтың  алдын алу басты міндет»  атты кітапхана және мәдениет қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өткізілді. Елімізде қоғамның індетіне айналған сыбайлас жемқорлықтың түбіне балта шабу жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осының айғағы бүгінгі өткізіліп отырған шараға   Ішкі саясат бөлімінің маманы З.Сейдалиев қатысып, шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиналған қатысушыларға  «үндеу» тастады, сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихына тоқталып өтті. Мәдениет үйінің әдіскері Майра Қозыкеева    жиналған қатысушыларға құқықтық мәдениетімізді көтеретін, біреуге ақша беріп тәуелді болу арқылы емес, заң көмегіне жүгінетін уақыт жеткенін, сыбайлас жемқорлық фактісі белгілі болса немесе осыған араласуға мәжбүр болған жағдайда, міндетті түрде уәкілетті органға, болмаса құқық қорғау органдарына хабарлап, жемқорларды әшкерелеуді азаматтық парызымыз екенін айтты. Жиналған қатысушыларға  «Жемқорлық түбі қорлық–» атты видиоролик көрсетілді.




 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз