Бүгін:
kz ru

«Дәстүрім-менің дариям»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 16 желтоқсан күні Аудандық мәдениет үйі және  «Жастар ресурстық орталығының» бірлесе ұйымдастыруымен «Дәстүрім-менің дариям» атты аудандық ән-күй сайысы өтті. 

Жастар арасында дәстүрлі әндерді кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген іс-шараны «Жастар ресурстық орталығының» директоры Мұхаммет Бегеев ашып, мерекемен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуына үлес қосып жүрген бір топ жастарды Алғыс хаттармен марапаттады. 

Байқау екі кезеңнен, бірінші дәстүрлі ән номинациясы бойынша сайысқа қатысушылар ұлттық аспапта немесе өздерінің дайындап келген әндерін жанды дауыста орындайса, екінші кезеңде үміткерлер ұлттық аспапта күй орындайды. Сайысқа қатысушылар өз өнерін көрсетіп болған соң, аудандық жобалық офисінің үйлестірушісі Дариха Үмбетиярова сайыста жіберілген кемшіліктер мен жетістіктерге тоқталды. Сонымен қатар, жүзден жүйрік атанған жас әншілер мен күйшілерді атап өтті.

Ән айту номинациясы бойынша бірінші орынды Жайылма ауылдық округінен келген Балнұр Қалқаманова, екінші орынды №5 Жаңатас колледжінің білімгері Жамила Тұңғатова иеленсе, үшінші орынды түгіскендік Аййман Шынбатырова мен С.Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушысы Әлия Дәулетова өзара бөлісті. Ал, саудакенттік әнші Құрал Әлиев «Дәстүр жанашыры» номинациясын алды. Екінші шарт бойынша жайылмалық Әсел Сақтаған бірінші, жаңаарықтық Нұрасыл Бердібаев екінші, жаңаталаптық Балнұр Төлен және Шолпан Смайлова үшінші орындарды иеленді. 

Барлық жеңімпаздар мен сайысқа қатысушыларға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды «Жастар ресурстық орталығының» директоры тапсырды. Сондай-ақ, іс-шарада №5 Жаңатас және Жаңатас көпсалалы колледжінің білімгерлері ән шырқап, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.





 

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз