Бүгін:
kz ru

«Тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан!»

«Тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан!»

 

Мереке шалқар шабытпен тойланды  Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы Мемлекетіміздің ең ұлық күндерінің бірі-Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын аудандық мәдениет  үйінің ұйымдастыруымен  тойланып өтті. Аудандық мәдениет үйінің фойесі шар, гүл шоқтарымен безендірілген. Сонымен қатар, жиынға келген қонақтарды  «Рухани жаңғыру-ұлттың жаңғыруы», «Тәуелсіздік тұғырым», «Желтоқсанның мұзда жанған алауы» атты кітап көрмесі қойылды.

Биылғы аудандық мәдениет үйінде өткен Қазақстан Республикасының 

Тәуелсіздік күні мерекесі ерекше болды. Салтанатты іс-шара «Тәуелсіздік қыраны» атты композициямен басталды. Композиция «Айжанқыз» би ұжымының орындауындағы «Рухты құс» атты биімен аяқталады. Мерекеге жиналған қауым мемлекеттік Әнұранды қолын жүрегіне қойып тыңдап, қосыла шырқады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілді.Салтанатты жиын үш тілде-қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді. Аудан әкімі Балабек Жанбекұлы Нарбаев егемен еліміздің ұлттық мерекесі  Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бұл күннің-азат еліміз үшін айрықша күн екеніне тоқталды. Осынау кең байтақ жеріміздібілектің күшімен, найзаның ұшымен қорғай жүріп, ата-бабаларымыздың асыл арманының орындалған күні екенін айтты. 

Тәуелсіздік алған 26 жыл ішінде Елбасымыз қандай қиын іс болса да бел шеше кірісіп, елді бірліке шақыра отырып, жарқын болашаққа жол сілтеді.Өзінің дара саясатының арқасында елді әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа ұшыратпай, дамудың өркендеу жолына үндеді, ұлтаралық татулыққа селкеу түсірмеді, сарабдал саясат арқасында Тәуелсіздігіміз әрі қарай нығайып, шекарамыз бекіді, тарихымыз түгелденді, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді. 

Аудан басшысы Тәуелсіздік алған жылдардан бері өлкемізде атқарылған жарқын істерді де мақтанышпен айтты және салтанатты түрде өңіріміздің экономикасын еселеуге өздерінің ерен еңбектерімен үлестерін қосып жүрген  1 адамға облыс әкімінің Құрмет грамотасын, 1 адамға облысы әкімінің Алғыс хатын, 5 адамға облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының  Құрмет грамотасын тапсырса, 12 адамды аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, 14 адамды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, 3 адам «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Құрмет грамотасын, 2 адам «Нұр Отан» партиясы Сарысу аудандық филиалының Құрмет грамотасын алды.    

Салтанатты жиын барысында аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысы Сағынбек Бегеев бірнеше жерлестерімізге «Сарысу ауданының Құрметті азаматы» атағын тапсырды. Өз кезегінде Шынайдар Ералиев пен Әлімқұл Тұрысов  аудан халқына және оның басшысына шын көңілден алғыс сезімін білдірді.

Сонымен қатар, ауданының Құрмет грамотасын 6, аудандық мәслихаттың Алғыс хатымен 15 адамды аудандық мәслихат хатшысы марапаттады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің ант беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің ант беру рәсімі өткізілді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметке тағайындалған Қамқалы ауылдық округініңәкімі Исабаев Алпысбай Смайұлы және Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Орынбай Құрманғазы Мырзатайұлы көпшілік алдында ант берді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылды.

Мерекелік шара барысында «Басты өлең» әнін Нығметжан Халықов, Ғалымжан Тезекбаев, Жанарбек Әбдірахманов «Желкілдек», «Желдірме» әндерін Халықаралық аманат байқауының бас жүлдегері Нұрай Ғаниқызы, «Алтын домбыра» үштігі, Жадыра Дәукенова «Қазағым-ай», «Айтұмар» тобы «Жаса, туған жерім», әншілер төрттігі «Мен қазақпын!» әндерін тамылжыта ән шырқап, «Айжан қыз» бишілер ұжымы би билеп, дирижер Нұрлан Байділдаев бастаған оркестр «Жеңіс», «Тәжік биі» күйлерін күмбірлете орындап, салтанатты жиынға қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.

Мерекелік кеш «Туымыз тұғырлы,Тәуелсіздігіміз ғұмырлы, елдігіміз мәңгілік болсын! Дамуы жедел, келешегі кемел, Қазақ елі жасай берсін!» деген ұранды сөздермен аяқталды.

 











 

 

 

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз