«Ауыл кеші көңілді» фестивалі
«Ауыл кеші көңілді» фестивалі
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында аудандық мәдениет үйіне қарасты Тоғызкент ауылдық клубының меңгерушісі Серік Рахымжановтың ұйымдастыруымен «Ауыл кеші көңілді» атты өнер фестивалі өтті. Бұл фестивальдің мақсаты ауылдық округке қарасты мекеме жұмысшы-қызметкерлерінің өнерін тамашайлай отырып,қазақ өнері мен мәдениетін дәріптеу. Яғни,қазақ халқының өнерімен мәдениетімен баладан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа, жүректен шыққан әнді жүрекке жеткізу. Өнер фестеваліне қатысушы 10 мекеме 4-топқа бөлініп 5 номинация бойынша өнерлерін көрсетті. Яғни, би өнері,дәстұрлі ән,эстрада жанрындағы әндер, 2 және өзге ұлт өкілдерінің ұлттық биі.Осы номинациялар бойынша үздік өнер көрсеткен ұжым 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесінде қортындыланып ауыл әкімі Байымбетов Дархан Табаұлы алғыс хаттармен мараппаталатын болады.













