Бүгін:
kz ru

«РУХАНЫ ЖАҢҒЫРУ-ҰЛТТЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ»

«РУХАНЫ ЖАҢҒЫРУ-ҰЛТТЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ»

 

Сарысу ауданы аудандық мәдениет үйінің методикалық бөлімінің ұйымдастыруымен  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласындағы бағдарламары мен жобаларын іске асыруда қоғамдық сананы жаңғырту, мәдениет қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру және атқарылған іс-шараларды сараптау мақсатында, ауылдық клуб меңгерушілердің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Жиынды ашқан аудандық мәдениет үйінің бөлім меңгерушісі Гұлсара Қояналиева өз сөзінде - ісімізден санамыздың озық болуын мәдени қызметкерлердің алдындағы тұрған үлкен міндет. Қоғамдық сананың өзгеруіне ықпал ету, рухани жаңғырудың бірден бір жолы ол-мәдениет. «Ел іші -өнер кеніші» дейді дана халқымыз. Олай болса,  өнеріміздің  өрге жүзгенін қаласақ әуелі мәдениетіміздің, бай құндылықтармыздың қастерлі болуына баса назар  аударғанымыз жөн.  Елбасы, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев: «Өмірін өзгерткісі  келетін адам - әуелі өзі өгеруі  керек, олай етпегендер заманның шаңына көміліп қала береді» деп Елбасының сөзімен бастады. Семинар барысында «Клуб мекемелерінің құжаттарын модернизациялау, интернет ақпарат таратудың жаңа жүйесі» туралы және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласы аясында өткізіліп жатқан іс шаралар туралы талқыланды. Аудандық мәдениет үйінің әдіскерлері Айдана Ұзақбекова, Майра Қозыкеева,Саудакент ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Гұлсағат Сәрсекеева және Ұйым ауылдық клубының меңгерушісі Алтынай Жолмаханова өз баяндамаларын оқып, өткізілген іс шараларын энтерактивті тақтадан жиналған көпшілік қауымға ұсынды. Г.Сәрсекеева; бағдарлама ұлтымыз үшін маңызы терең,ауқымы зор,өнегесі мол,халқымызға рухани азық болатын айтулы дүние екендігін,бұл мақалада өткен тарихи кезеңдерге сындарлы баға беріліп,ой елегінен өткізіліп,рухани даму бағытымыздың айқындалғанын айтып өтті.Сондай-ақ клуб меңгерушілер  латын әліпбиіне көшу,әлемнің 100 оқулығын қазақ тіліне аудару,білімнің салтанат құруы мәселелеріне байланысты өз ойларымен бөлісті.

Мәдениет қызметкерлері «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласының алты бағытына ерекше тоқталып, маңызды тұстары жайлы атқарылып жатқан істерді ортаға салып, рухы биік, ерен еңбегі, бірлігі мығым, Мәңгілік ел болу үшін, аянбай еңбек етейік, ұрпақтарымыздың жарқын келбетті болашағы жолында игілікті шараларды бірлесе отырып атқарайық - деген ізгі тілектірін білдірді. Іс шара барасында Ұйым ауылдық клубының меңгерушісі Алтынай Жолмаханованың ұйымдастыруымен «Туған жер» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.

Сарысу ауданы аудандық мәдениет үйіне қарасты ауылдық клуб меңгерушілері  бір ауыздан Президенттің бастамасын қолдай отырып, мақалада көрсетілген таяу жылдардағы міндеттерін орындауда: қоғамдық сананың жаңғыруына, мәдениетін көтеру, ұлттық құндылықтарымызды нығайту, рухы бай жас ұрпақты тәрбилеуге атсалысатындықтарын айтып өтті.

       








 

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз