Бүгін:
kz ru

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК»

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК»

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында аудандық мәдениет үйі және аудан әкімінің қолдауымен

 «ALGO DLAMOND»компаниясының президенті Ж.Бекмусаевпен М.Бекмусаеваның ұйымдастыруымен Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің жанындағы интернат тәрбиеленушілеріне арнап 

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» атты қамқорлық акциясы өтті.

 

Бұл игі істі бастап жүргізген аудандық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы  Алик Бекмусаев бастады. Акция аясында  аудан әкімінің орынбасары Д.Асанова, мектеп директоры Л.Асанова сөз сөйлеп, мерекемен тәрбиеленішілерді құттықтап, еліміздің тәуелсіз жылында жеткен жетістіктерге, Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары мен бағдарламалық мақалаларына тоқталып өтті. Одан кейін жеке кәсіпкерлер Ж.Бекмусаев пен М.Бекмусаева сөз сөйледі:

-Жылы сөзбен баланы адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеуге болады. «Жақсы сөз-жан азығы» деп бекер айтылмаса керек. Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп келген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен жастарға оқу, білім беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Сондықтан да елбасымыз XXI ғасырды білім жарысы ғасыры деп атап отыр. Тәрбиенің мақсаты-пәнді керемет меңгерген оқушы тәрбиелеу емес, ең бастысы адамды тәрбиелеу. Сондықтан, мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерге жан-жақты қолдау көрсетіп, қуанышына ортақтасу біздің парызымыз,-деді.

Сонымен қатар, мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерге қыстық киім-кешек пен оқу құралдарын және жаңа жылдық тәттілерді сыйға тартты.

Интернет тәрбиеленушілер қамқорлық жасаған жомарт жандарға рахметтерін арнауларын айтып, патриоттық  әндер мен жүрек жарды жырларынан шашу шашты.


 

 

 

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз