Бүгін:
kz ru

«Жастар ұлт болашағы» Көңілді тапқырлар ойыны.

 

 Көңілді тапқырлар ойыны.

Елімізде жайдарман көңілді тапқырлар ойыны бүгінгі жастарға танымал. Себебі командалар оларға жайдары көңіл-күй мен көңілді уақыт сыйлайды. осындай көңілді кеш Жыл сайын аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп келеді. Биыл да бұл ойын шетте қалмады.

1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне орай, аудандық мәдениет үйінде Елбасының „Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы аясында аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і және аудандық мәдениет үйінің бірлесе  ұйымдастыруымен «Жастар-жарқын қадамға» атты кәсіпорын, мекеме қызметкерлерінің және қала жастары арасында жайдарман көңілді тапқырлар ойыны өткізілді.

Көңілді тапқырлар клубы ойыны 3 кезеңнен тұрды. бірінші кезеңде командалар арнайы дайындап келген сәлемдесулерін көрсетсе, екінші кезеңде 5 түрлі әзілдерін қысқаша оқып берді. Ал үй тапсырмасы деген үшінші кезең бойынша көрініс көрсете отырып, көрермендерді күлдіре білді. Осы жолғы әзілдер тек өзекті тақырыптарда ғана емес, сондай-ақ, қаламыздағы түрлі жағдайлар туралы да болды.

Қатысушы командалар көрермендерді тек күлдіріп қана қоймай, сонымен бірге әзілдеріне бүгінгі күннің өзекті мәселелерін енгізіп, өздерінің білімді екендіктерін көрсетуге тырысты. Әрине, бұл көрермендерді бірнеше көңілді сезімдерге бөледі.

Ойын нәтижесінде бас жүлдені жас бүлдіршіндерден құралған «Бауыржан ағайдың қонжықтары» (суретте), 1-ші орынды «Қаратау қырандары», 2-ші орын «Супер мұғалімдер» №5 колледж ұстаздары, «Мәдениетті жастар» командалары өзара бөлісті. 3-ші орынды «Медицина ғалымдары» орталық аурухана және «ЖКК 10 жыл» Жаңатас көпсалалы колледжі бөлісті. Сонымен қатар, «Қаратау қырандары» командасының ойыншысы «Үздік ойыншы» номинациясымен Н.Әбутәліп марапатталды.

Жалпы, кеш жайдарлы және достық қалыпта өтті. Шын жүректен соғылған шапалақтар үш сағаттық ойынның тұрақты сүйемелдемесі болды.







 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз