Бүгін:
kz ru

«Рухы биік елімді, биікке бастар Елбасы»

«Рухы биік елімді, биікке бастар Елбасы»

1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» болып ресми түрде жарияланды. Тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл толды. Осы уақыт аралығында Елбасымыз Қазақстанды халықаралық аренада жаңа деңгейге көтерді.Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған «Рухы биік елімді, биікке бастар Елбасы!» атты аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті.

Мәдениет үйінің алдына Елбасы бейнеленген бильборд ілініп, түрлі-түсті жалаушалар, шар және гүл шоқтарымен безендірілді. Жиында аудан әкімі Балабек Нарбаев құттықтау сөз сөйлеп, «Биыл тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл толады. Бұл бір мемлекет үшін тіптен аз уақыт. Сол аз кезеңнің ішінде біз әлемдегі елу мемлекеттің қатарына еніп отырмыз. Осының барлығы Елбасымыздың арқасында»,-дей келіп, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, халыққа қызмет көрсету ісінде абыройлы болуларына тілектестігін білдіріп, ашып берді. Одан кейін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мерекесіне орай мекеме қызметкерлерін аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен, аудандық мәслихаттың және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Алғыс хаттарымен марапаттады.Сонымен қатар, «Сарысу» және «Саудакент» халық театрлары бірігіп, «Даласы – ұлы, тарихы – тарлан, елдігі – мәңгі, Қазағым!» атты театрландырылған көрініс қойды.

Ауданның танымал өнерпаз-дары ән мен күйден шашу шашты. Одан кейін «Айжанқыз» би ұжымы «Қазақ», «Шашу» билерін мың бұрала биледі. Кеш соңы отшашумен аяқталды.

















 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз