1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.
Бұл күн - біздің өз тағдырымызды өзіміз айқындауымызға алғашқы нақты қадам жасаған мемлекеттің мерейлі күні.
Ұлт көшбасшысы сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздігімізді баянды, егемендігімізді еңселі ете білді.
Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі мен көреген саясатының арқасында ғасырда жасалар істер қысқа мерзімде жүзеге асты.Басқарудың президенттік формасы мен тәуелсіздіктің жиырма алты жылдық тәжірибесі біздің ел үшін тиімді болып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі бағындырған шыңдары жетерлік. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен аз ғана уақыт ішінде буыны енді беки бастаған ел әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестіріп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатындығын да паш етіп отыр.Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы - мемлекеттік идеология-ны айқындайтын басты құжатымызға айналып, жаңа міндеттер алдымызға қойылды.Бүгінде, Тәуелсіз еліміздің қол жеткізген барлық жетістіктері бірінші кезекте - Тұңғыш Президент есімімен тығыз байланысты. Аз ғана уақыттың ішінде сәні мен салтанаты жарасқан Астана бой көтерді. Бүгінде бұл шаһарымыз әлемдік маңызы бар келіссөздер жүргізетін алаңға айналды.Үстіміздегі жыл ішінде елордамызда ТМД елдірінің ішінде алғашқы болып «ЭКСПО» халықаралық көрмесін абыроймен өткізе білдік. Ал, келер жылы Елбасымыздың төл туындысы Астананың - 20 жылдығын мерекелейтін боламыз. Қазіргі таңда барша әлем Қазақстанды Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана, әрі дара саясаты арқылы таниды.
Сарысу ауданы да Қазақстанның барлық аймақтарымен бірге егемен еліміздің дамуына өзіндік үлес қосып келеді.
Құрметті қазақстандықтар!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық тілейміз!Еліміздің болашағы - баянды, келешегі - кемел, бірлігіміз - берекелі, татулығымыз - берік болсын!