Бүгін:
kz ru

Облыстық байқау өтті


ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛЫ 23-28 ҚАЗАН КҮНДЕРІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМА-ШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ, КЛУБ-2017» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ЖӘНЕ «ТЕАТР-KZ» ФЕСТИВАЛІ ӨТКІЗІЛДІ.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, актер, режиссер Асанәлі Әшімовтің 80 жасқа толу мерейлі шығармашылығын халыққа насихаттау, облыстағы «халықтық» театрларына, драма үйірмелеріне қатысушылардың орындаушылық шеберліктерін арттыру мақсатында өткізілген байқауға облыс аудандарынан құралған коммисия мүшелері қатысты.

Байқау Жамбыл ауданы, Гродеково ауылдық мәдениет үйінен бастау алып,

Сарысу ауданы, Жайылма ауылдық клуб үйінде «Алаштың-Асанәлісі» атты кешпен жалғасын тапты.

Фестиваль шымылдығы бишілер тобының «Шашу» биімен ашылды.

Сайысқа М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Мәдени және әлеуметтік қызмет» кафедрасының аға оқытушысы, Оңтүстік Қазақстан облысының «Формат Е» мәдени даму оқу–әдістемелік орталығының директоры, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Ерлан Әуесов, Жамбыл облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев,облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Эльмира Дүтбаева және бірнеше қонақтар қатысып, әділ бағаларын берді.

Ауыл тұрғыны Мұрат Әмзеев өзінің шығармашылығынан «Алаштың Асанәлісі» өлеңін көрермендерге тарту етті. Сонан соң, Асанәлі Әшімовтің шығармашылығы туралы жазылып алынған видеосюжет көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, кеш жүргізушілері Асанәлі ағаның кино өнеріндегі жасаған образдарын, түскен киноларын және басынан кешкен қиыншылықтары мен қызықты оқиғалары жайлы толық мәлімет беріп өтті.

Іс-шарада әншілер Ақерке Ұзақбекова«Атамекен», Сағыныш Мұхтарқызы «Бұлбұл», Әмірғали Бақытов «Туған жер», Самат, Фатима Белеевтер «Сағынамын», Дариға Игенбаева «Тау ішінде», Арқалық Рано «Мерекем», Ермахан Оңғарбек «Жүрегім қазақ» әндерін тамылжыта шырқап, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйласа, Жайылма балалар өнер мектебінің жанынан құралған ұлт-аспаптар ансамблі орындаған «Өрлеу», «Ерке сылқым» күйлері де көрермендер тарапынан ерекше қошеметке ие болды. Ал, жас актерлар, ауыл өнерпаздары «Сіз кімсіз, Ка мырза?» атты көркем-фильмінен үзінді сахналастырды.

Сонымен қатар, жас маман Азамат Шалкенбаев «Мамандығым-мақтанышым», «Өнерліге-өріс кең», «Тікелей эфир» номинациялары бойынша өз өнерін ортаға салды.

Мұнан соң қонақтар аудандық мәдениет үйінде «Сарысу» және «Саудакент» халық театрлары бірігіп, қоюшы режиссер Рабиға Бердісүгірованың сахналастыруымен «Қыз Жібек» фильмінен үзіндіні көрермендерге тарту етіп, әділ қазылар тарапынан ерекше қошеметке ие болды.

Байқау соңында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Мәдени және әлеуметтік қызмет» кафедрасының аға оқытушысы, Оңтүстік Қазақстан облысының «Формат Е» мәдени даму оқу–әдістемелік орталығының директоры, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, қазылар алқасының төрағасы Ерлан Әуесов, облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев,бас редакторы, қазылар алқасының мүшесі Тамара Әбдікәрімова өздерінің пікірлерін білдіріп, аудандық, ауылдық мәдениет үйлерінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.



















 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз