Бүгін:

Қарттарым,аман-сау жүрші. «Көп жасаған қария,ақылы теңіз дария»

Қарттарым,аман-сау жүрші.

«Көп жасаған қария,ақылы теңіз дария»


 Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қараттарын ардақтай білген елдің қашанда рухы үстем, шаңырағы биік»- деген болатын. Ортамызда жүрген қарияларымыз бір кезде елі, халқы, келешек ұрпақ үшін қаншама игі істер жасады. Еліміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа өнеге. Міне,біздің бүгінгі алаңсыз нұрлы өміріміздің сақшысы бола білген, самайларын ақ қырау, жүздерін уақыт әжімі торлаған қартарымыздың мерекесі еліміз бойынша жыл сайын тойлануды.

1 қазан-Қарттар күні Сарысу ауданымызда да кең көлемде жылда аталып өтеді. Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық мәдениет  үйі және балалар-жасөспірімдер орталығының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Көп жасаған қария,ақылы теңіз дария» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мереке шымылдығын аудандық мәдениет үйінің әншісі Ахат Кенжебаевтың «Гүлдариға» атты әсем әнімен ашылды. Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Динара Асанова ,аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Болат Үсембаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құдайберді Әбілов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байтуған Рыспанов құттықтау сөз сөйлеп, қариялардың деніне саулық, отбастарына амандық тіледі. Аудан әкімінің орынбасары Динара Асанова барлық қарттарға сыйлықтар тартту етті.

Іс-шара барысында ардагер ана Оразкүл Тоқбергенова  жылы лебіздерімен бірге, «Жан ана» әнін тамылжыта шырқады. Барлығы бірге қызықты ойындар ойнап, тілектерін айтып, кештің көрігін қыздыра түсті.

Сондай-ақ, бұл меркелік іс-шарада аудандық мәдениет үйінің жезтаңдай әншілері,балалар-жасөспірімдер орталығының оқушылары, әсіресе жас әншілер Әлихан Тынышбек, Аружан Жандәулет, Алтынай Жақсылықтың тамылжыта шырқаған әндерін қарияларымызға мерекелеік көңіл күй сыйлады


     

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз