«Мектеп-білім тірегі,ұстаз-оның жүрегі
«Мектеп-білім тірегі,ұстаз-оның жүрегі»
Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші.Ұлағатты ой иелері де,арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар.Ол-Ұстаз. Алғаш әліппенің бетін ашып,әріп танытқан,өмірдің қырын-сырын білуге, сан қилы құбыластарды терең түсінуге мұрындық болып,жан дүниеге нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады. Ұстаз да диқан сияқты.Ол әр адамның жанына білім нәрін себеді.Әр шәкіртін аялап өсіріп,өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшарады.Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп,тер төгеді. Ұстаз еңбегі-ұлы еңбек.
Сондықтан,біздің әрқайсымыз өлшеусіз еңбегі үшін оларға әрқашан басымызды иеміз. Соның бір жарқын дәлелі,өткен сенбіде Сарысу ауданы аудандық мәдениет үйінде мұғалімдер қауымының кәсіби мерекесіне орай, ұстаздардың ерен еңбегін бағалап, оларға құрмет көрсету мақсатында аудан әкімдігі, білім бөлімі, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мен кәсіподақ комитетінің ұйыдастыруымен «Ұстаз мәртебесі-биік, мәңгілік» атты мерекелік шара өтті.Сахна тақырыпқа сай безендіріліп,мәдениет үйінің кең залында бос орын болмады.
Ұстаздар мерекесіне орай слайдттар көрсетілді.
Салтанатты сәтті аудан әкімі Балабек Нарбаев мереке иелерін құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала тәрбиелеу-болашаққа ең үлкен инвестция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» деген болатын.
Бұл ұстаздар қауымына жүктелген осы ауқымды міндет,әрі зор сенімнің абыройымен атқарылатынына сенімін мол,-деп атап өтті аудан басшысы. Мұнан кейін аудан әкімі Балабек Жанбекұлы Тәуелсіздігімізді сақтауға білімді әрі тәрбиелі ұрпақ жетілдіруге қомақты үлес қосып, қызметте алдыңғы қатардан көрінген бір топ ұстаздарды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы,облысымыздағы оқыту үрдісін жетілдіріу мен сапалы білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі жеке үлесі және облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін, қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облысттық ұйымының Құрмет грамотасы,аудан әкімінің «Нұр Отан» партиясы аудандық фелиалының Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ ,аудандық мәслихат хатшысы Сағынбек Бегеев ұстаздар қауымына ең ізгі тілектерін жеткізе отырып, бірнеше білім қызметкерлеріне ауданның Құрмет грамотасын тапсырды.
Салатанатты шара сазды бағдарламасымен ұласты. Кеш барысында білім, ұстаз туралы бейнероликтер көрсетіліп, «Ұстаз-ана» әнін оқушылар хормен орындады. Сондай-ақ ,Абылайхан, С.Сейфулин атындағы орта мектептері, М.Әуезов, Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясыны ңоқушылары, Жайылма балалар өнер мектебінің, Жаңатас балалар жасөспірімдер орталығының, аудандық мәдениет үйінің әншілері тамылжыта ән шырқады.Барлық білім мекемесіне қарасты мекемелер өз өнерлерін ортаға салды. Сазды бағдарлама әншілер Римма мен Аян Әлібековтердің «Ұстазым» әнімен аяқталды. Осылайша, жүздеріне шаттық ұялаған зал толы ұстаздар қауымы ерекше көңіл-күйге бөленіп, ризашылықпен тарқасты.