Бүгін:

Өнер саңлақтары қаламызды әнге бөледі.

Өнер саңлақтары қаламызды әнге бөледі.


Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қазақ туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріне, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.

Осы бағдарлама аясында Сарысу өңірінен шыққан өнерпаздардың қатысуымен үлкен концерт өтті.

Ауданымыздан шыққан ақын әнші, күйші өнерлі жандар  туған жерге, елге деген сағынышың,сүйспеншілігін өз өнерлерімен жеткізу мақсатында ауданымызға арнайы ат басын бұрды. Олардың қатарында Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасының орынбасары, ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Маралтай Райымбекұлы, Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейсова, Ардақ Истаева, Айгүл Мақашева, күйші Саян Ақмолда, Қазақстан Республикасы таэквандо федерациясының президенті Қайрат Қырғызбаев болды. Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкей сөз сөйлеп, концерттке қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі. Өз кезегінде  Маралтай  Райымбекұлы көрермендерге  өзінің «Жайық», «Игілік» атты жалынды жырларын тарту етсе, Қазақстан Республикасына  еңбек сіңірген қайраткерлері Сәуле Жампейсова, Ардақ Истаева, Айгүл Мақашева қазақтың қара домбырасымен тамылжыта ән шырқап, көрермендердің көңілдерін бір серпілтіп тастады.

Ал  Қазақстан Республикасы таэквондо федерациясының президенті Қайрат Қырғызбаев өзінің жүрекжарды лебізін жеткізсе, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері,күйші Саян Ақмолда қыл қобызда күй атасы Құрманғазының күйлерін көпшілік назарына ұсынды.

Сонымен қатар аудандық мәдениет үйінің жез таңдай әншілері де патриоттық әндер шырқап, көрермендердің көзайымына айналды. Іс-шара соңында аудан әкімінің  орынбасары алыстан ат терлетіп  келген өнер тарландарына көпшілік қауымның алғысын жеткізіп, сый-сияпаттар тарту етті. Кештің соңы жерлесіміз ақын Асхат Абзалбековтың ән жырларымен аяқталды.



 








      


Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз