Бүгін:

«Ғажайып қалам Астанам»

«Ғажайып  қалам Астанам"

Астана еліміздің бас қаласы.Еуразия нағыз географиляқ кіндігінде орналасқан. Міне,биыл келбеті көркем бас қаламызға 19 жыл толып отыр.Төрткүл дүние көз тіккен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылу салтанатын дүркіретіп атап өттік. Бүгінде ел мен жер төрі атанған киелі Сарыарқаның сайын даласына керегесін кең жайған Елордамыз Астана күні мерекесін «Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  қала жұртшылығына шалқар шабытпен орталық саябақта атап өтті.

Сахнада Астана келбеті бейнеленген билборд ілінген. Астана символына айналған «Бәйтерек» және «Қазақ елі»  монументі ортасында «ЭКСПО-2017» көрмесінің көгілдір түсті шар ерекше көздің жауын алып тұрды. Сахна шымылдығын «Айжанқыз» би ұжымы «Болашақтың энергиясы» биімен ашып берді. Мерекелік шарада аудан әкімі Б.Нарбаев құттықтау сөз сөйлеп барша Сарысулықтарда құттықтады. Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет үйінің  концерттік бағрдаламасымен жалғасты. Концертте аудандық мәдениет үйінің жезтаңдай әншілері Назерке Сақтаған және «Раян» тобының орындауында «Астана» әнімен басталды. Дәстүрлі ән шерумен сахна төріне  Абдрахманов Жанарбек, Тезекбаев Ғалымжан, Кенжебаев     Ахат сынды  әнді әулете шырқаған әншілер көпшіліктің көңілінен шықты. «Айсәуле» әнінің орындауында ақ жаулықты   «Асыл аналар» тобы тамылжыта орындап халықтың ризашылығына бөленді. Егешевтер дуеты  «Сыр айтамын», әншілер үштігінің «Жайна – Астана» орындауында  - Ерболат Шымкентов, Ақерке Ұзақбекова, Айдана Ұзақбекова т.б әндермен жиналғандарды тәнтті етті. Сарысулықтарға «Айжан қыз» би ұжымының қыздары «Қайқы қылыш» биімен өздерінің сұлулықтарын көрсетіп өнерлерін паш етті. Бір жарым сағатқа созылған көңілді шараның  жабылуында аудандық мәдениет үйінің әншілері  «Астана» әнін бірігіп шырқады.











 


         

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз