АСТАНА!!!
АСТАНА!!!
Бүгін Қазақ елінің құтты қонысы, абыройымыздың айғағы, тәуелсіз мемлекетіміздің жүрегі болып табылатын елордамыз-Астана қаласының 19 жылдығын мерекелеп отырмыз.
Астана мерейтойы-бұл бүкіл қазақстандықтар үшін маңызы зор айтулы оқиға.
Себебі Отанымздың жүрегі, тәуелсідгіміздің тірегі болған асқақ Астана арқылы Қазақстан өзінің еңсесін тіктеген ел екенін жержаһанға паш етті.
Бүгінде, Астана халқымыздың айбыны, егемен еліміздің символы, зор мақтанышына айналды.
Болашақта болжай білген Елбасының батыл да ұлы идеясымен дүниеге келген Елордамыз қазақ елінің мерейін асқақтатып, сәулетті сұлулығымен таңғалдырды.
Астананың қазіргі күн санап биіктей түскен еңсесінен тәуелсіздігіміздің тегеурінін, еліміздің елдік қасиетін, жасампаздықтың жаңғырығын айқын байқауға болады.Ерке Есілдің жағасында жаңаша сәулеттік нақышпен бой түзеп жатқан әсем қаланың сұлу бейнесі алыстан көз тартып, көңіл баурайды.Сондықтан да оның ертеңіне де барлық қазақстандықтар үлкен үмітпен қарап, бүкіл әлем қызыға көз тігуде.
«ЭКСПО-2017» атты халықаралық мамандандырылған көрмесінің Елордамызда өтуі осының дәлелі.
Біздің ауданымызда да бас қаламызға қатысты игілікті істерді атқару дәстүрге айналған. Жыл сайын Сарыарқа төрінде орналасқан бірегей көкке ұмтылған зәулім ғимараттары бар-Елорданың заманауи сәулетін тамашалау үшін аудан мектептеріндегі озат оқушылар, коғамға сіңірген еңбегі бар ардагерлер тобы саяхатқа баруда.
Құрметті Қазақстандықтар баршаңызды әлемдік өркениетке бой созған Астананың туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!!!