Сарысу аудаы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Аудандық мәдениет үйіне қарасты Маятас ауылдық клубында Стаханшыл Жампейсовтың «Ұлағатты ұстаз»атты еске алу кеші өтті.
Сарысу аудаы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Аудандық мәдениет үйіне қарасты Маятас ауылдық клубында Стаханшыл Жампейсовтың «Ұлағатты ұстаз»атты еске алу кеші өтті.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық салт дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз,әдебиетіміз, жоралғыларымыз бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалады деп көрсетілген.Мемлекет басшымыз «Туған жер» бағдарламасы қолға алуды ұсынып отыр.Туған жерге оның мәдениеті мен дәстүрлеріне айрықша атсалысу шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.Міне,осы бағдарлама аясында Сарысу ауданы Аудандық мәдениет үйіне қарасты Маятас ауылдық клуб меңгеруші Мейрамбек Жампейісовтың ұйымдастрыуымен аяулы ұстаз Стаханшыл Жампейісовтың шәкірт тәрбиелеуге сіңірген өнегелі өмір жолына арналған еске алу кеші өтті.С.Жампейісовтың ғұмырының 40 жылын бала тәрбиесіне,ұстаздық қызметке арнаған тұлға.Ол өз ісін жауапкершілікпен атқаратын,талапшыл,көптеген шәкірттерінің өмірден өз орнын табуына үлесін қосқан ұстаз.Бұл игі іске «Дарын» жастар сыйлығының иегері,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,ауданның Құрметті азаматы Сәуле Жампейісова және ұрпақтары ұйытқы болды. «Дарабоз» сыйлығының лауреаты жазушы Пернебай Дүйсенбин, аудандық «Сарысу» газетінің директор-бас редакторы Жамалбек Өзбеков,еңбек ардагері Сайлау Ержанов айтулы кештің қадірлі қонақтары болды.Кеш барысында С. Жампейісова мен П. Дүйсенбин «Қалдырған ізің мәңгілік» атты кітаптың тұсауын кесті.Сондай-ақ,үстіміздегі жылы «Аманат» өнер орталығы мен аудан әкімдігімен бірлесе отырып ұлағатты ұстаз,әдебиетші С.Жанпейсовты еске алу құрметіне орай «Жас толқын» балалар-әдеби конкурсы жаңа жобасын ұсынған.Осы жобаға аудан көлемінде мектеп оқушылары қатысып,бағын сынаған болатын .Жеңімпаздармен қатысушыларға С.Жанпейісова мен «Аманат» өнер орталығының директоры Қ.Табынды диплом және бағалы сыйлықтарды табыстады.Кеш соңында талантты өнерпаздар арнау жыр өлеңдерін оқып,әннен шашу шашты.








