Бүгін:

«Нұр Отан» партиясы Сарысу аудандық филиалының қолдауымен Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, және аудандық мәдениет үйінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер- тәуелсіздік мақтанышы» мерекелік ісшара.


«Нұр Отан» партиясы Сарысу аудандық филиалының қолдауымен Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, және аудандық мәдениет үйінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер- тәуелсіздік мақтанышы» мерекелік ісшара.

Үстіміздегі жылдың 4 маусымы күні мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына тура 25 жыл толды.1992 жылы алғаш рет бекітілген бұл күн ел тарихында Мемлекеттік Рәміздер күні ретінде мәңгі еске сақталады. Мемлекеттік рәміздер-мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік ТУ, мемлекеттік ЕЛТАҢБА және мемлекеттік ӘНҰРАН мемлекеттің негізгі рәміздері болып саналады. Мерейлі мерекені аудан жұртшылығы кең көлемде тойлануда. Сарысу ауданы Жаңатас қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдық мерекесіне арналған «РӘМІЗДЕРІМ МАҚТАНЫШЫМ!»атты мерекелік концерт өтті.

Мерекелік шарада қаламыздың орталық алаңына Теміржол вокзалынан бастау алған Қазақстан Республикасының рәміздерінің 25 жылдығына арналған 25 автокөліктен тұратын автошерушілер қолдарына мемлекеттік нышанымыз - көк Байрақты алып, сап түзеп келеді. Егемен еліміздің ең қастерлі нышанын ұстаған автошеру қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті. Мерекеде аудан әкімі Балабек Нарбаев құттықтау сөз сөйлеп Жаңатас қаласының әкімдігіне «Газел» автокөлігін сыйға тартты.Сондай-ақ,алдымен аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен білім бөлімінің ұстаздарының орындауында мемлекеттік Әнұран шырқалып, Елтаңба,Ту ұстаған жалынды жастар өзгеше жадыратып,колледж білімгерлері флыш-моб биын биледі.Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет үйінің жездай әншілерімен жалғасты.Орталық алаңдағы мерекелік жиынды жұртшылық белсене тамашалап, шеруге қатысушыларға қолдау көрсетті.Осындай мерекелік іс-шаралар барлық ауылдық клубтарда өткізілді.

 











 

                         

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз