Елтаңбамыз еңселі,туымыз тұғырлы болсын!!!
Елтаңбамыз еңселі,туымыз тұғырлы болсын!!!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері-халқымыздың рухын,ұлттық санасын,болашаққа деген үмітін жеткізетін ерекше құнды белгілер.Сонау 1992 жылдың 4 маусымында жас әрі тәуелсіз мемлекетек-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бекітілді.Міне,сол жұлдызды сәттен бері рәміздер күні тарих бетеріне алтын әріптерімен жазылды.Біз-айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар қыраны күнді құшқан құдіретті Көк туымызды, ерлік пен елдіктің исі аңқыған қасиетті Елтаңбамызды, қасқайып шырқайтын әуезді Гимнімізді мақтан етеміз.
Міне ,бүгін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығын тойлап отырмыз. «Туы биік елдің-тұғыры биік» деген дана халқымыз.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің туын әр жетістігімен биікке көтеруде.
Міне осындай мерейтой аясында жастарға патриоттық тәрбие беру,мемлекеттік рәміздерге деген құрметті артыру мақсатында ауданда да әртүрлі қоғамдық саяси,мәдени-көпшілік және ұйымдастыру шаралары жүргізілуде.Өткізілген барлық қоғамдық-саяси салатанатты шаралар Мемлекеттік гимннің орындалуымен ашылып,Көк Туымыз көтеріліп,л рәміздері ұлықталуда!!!
Құрметті отандастар!!!!
Баршаңызды,Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей!Әрдайым еліміз тыныш,халқымыз аман,туымыздың мәртебесі биік болсын!!!