Бүгін:
kz ru

«Нұр Отан» партиясы Сарысу аудандық филиалының қолдауымен Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, және аудандық мәдениет үйінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл- мемлкеттік қызметте» атты аудандық байқау өтті.


«Нұр Отан» партиясы Сарысу аудандық филиалының қолдауымен Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, және аудандық мәдениет үйінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл- мемлекеттік қызметте» атты аудандық байқау өтті.

Мемлекеттік қызмет саласын табысты реформалау және бәсекеге қабілетті, сауатты білікті мамандармен толықтыру Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың саяси ұстанымының нәтижесін іске асыру және мемлекеттік тілдің қолданылуы аясын кеңейту, сонымен қатар аудандағы мемлекеттік органдардың іс-қағаздарын жүргізу саласында мемлекеттік тілдің рөлін арттыру,мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру  мақсатында байқауға әкімдігінің бөлімдері және ауылдық округ аппараттарында қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлерден құралған «Аманат», «Тіл сақшылары», «Нағыз қазақ» командалары қатысты.Байқауда сәлемдесу, «Жер-судың аты-тарихтың хаты» атты кезеңдер бойынша командалар еліміздің танымал жерлерінің атауларын анықтап,қысқаша тарихын атып өтті.Ісшараны жүргізген аудандық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Бекайдар Аманбаев.Жалпы бұл ісшарала қатысушы командалар еліміздің танымал жерлерінің атауларын анықтап қысқаша тарихын атап өтті. Сонымен қатар,қатысушы командалар мемлекеттік тіл туралы қанатты сөздер,тілдерді дамыту саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілер туралы берілген сұрақтарға жауап беріп,«Мемлекеттік Ел-Мәртебелі тіл» тақырыбында өнерлерін көрсетті.

Байқауға қатысушыларды бағалап мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысқандарға аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Молдашев, Тілдерді дамыту орталығының аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Г.Сәрсенбиева,аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғ.Рыспанов байқау талаптарын ескере отырып,қазылық етті. Қазылар алқасының шешімі бойынша тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінен құралған «Аманат» командасы 1-орынды иленді,Байқадам,Игілік, Жаңаталап ауылдық округтерінен құралған «Тіл сақшылары» командасы2-орын алса,Досбол,Жаңаарық  ауылдық округтерінен құралған «Нағыз қазақ» командасы 3-орынды қанжығаларына байлап қайтты.Сонымен қатар

Жаңатас қаласы әкімі аппараты,жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 20 маусым күні өтетін облысттық байқауға жолдама алды.








 

    

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз