Бүгін:
kz ru

«Балалар қуанышқа кенелген күн»

 «Балалар қуанышқа кенелген күн»

Орталық саябақта аудандық мәдениет үйі және қала әкімі аппаратының ұйымдастыруымен кең көлемде іс-шаралар өткізілді.

Жаздың бірінші күнінде, тамаша жайма-шуақ ауа райына сайма-сай күні мәдени мекемелер Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті.

 

1 маусым-Балаларды қорғау күніне арналған «Балдәурен балалық шақ!» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шара «Сахна шеберлігі» үйірме оқушыларының «Керқұла атты Кендебай» атты ертегісін сахналастыру желісімен жүргізілді.ізгілікті шарада аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Бауыржан Молдашевжасөспірімдер бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, бақытты балалық шақ, шат күлкі, ашық аспан, мықты денсаулық тіледі.

Мереке шымылдығы Асқарбек Назымның орындауында «Мерекем» әнімен ашылды. «Балғын  би» үйірмесі оқушылары «Қазақ», «Шашу» билерін биледі. Аяулым Ыдырыс, Шалдарбек Жанел, Әсенбай Айназ, Еркебай  Шұғыла, Жақсылық Алтынай Нұрбақыт Ыдырыс және «Балдәурен тобы», қыздар триосы тамылжыта ән шырқады. Сондай-ақ, «Ойлы болсаң озып көр» ойынын ата-аналар мен балалары қосылып ойнап, шара көркін қыздыра түсті. Ал мүмкіндігі шектеулі Назым Орынбасар әннен шашу шашса, Кемелбек Дәулет, Асылжан, Әбдірахман Талантұлдары, Элдар Аралбаев тақпақтар айтты. Аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бөлімше меңгерушісі Ләззат Ерсейітова балаларға сыйлықтар тарту етті.Саябақ ішінде балалардың өздері жасаған  туындыларынан көрме ұйымдастырылды. Аудандағы барлық балабақша бүлдіршіндері бұл мерекелік ісшараға белсене ат салысып өз өнерлерін ортаға салды. Іс шара аудандық мәдениет үйінің ұйымдастырумен концерттік бағдарламамен ұласты. Аудандық мәдениет үйіне қарасты барлық ауылдық клубтарда кішкентай бүлдіршіндерге арналған ертеңгілік пен қызықты ойындар жүргізіп, балмұздақ таратып кішкентай бүлдіршіндерге куаныш сыйлады. Ертеңгілігіміз мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен және бүлдіршіндеріміздің орындауларында ән мен биден шашу шашылды. Ертеңгілік соңында «Біз бақытты баламыз» деген тақырыпта асфальтқа сурет салу байқауында жеңімпаздар анықталып, алғыс хаттарымен марапатталса, «Кім жылдам?», «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» ойын түрлері ойналып, көптеген викториналық сұрақтар қойылып, жұмбақтар шешілді

























 


 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз