Бүгін:
kz ru

«Қуғын-сүргін құрбандарына тағзым»




















«Қуғын-сүргін құрбандарына тағзым»

Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен 31 мамыр- Саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Даңқ» монументінде өткен митинг.

Митингіде аудан әкімі Балабек Жанбекұлы Нарбаев сөз сөйлеп, бұл күннің біз үшін қаншалықты маңызды екендігіне тоқталды.  

- Қазақтың көрнекті перзенттері - Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин және басқа да көптеген саңлақтарымыз «қызыл қырғынның» құрбандары болды.  Олардың қатарында Сарысу топырағынан шыққан жерлесіміз Әшір Бүркітбаев сияқты ел ардақтылары да бар. Арыстарымыздың қанымен, аналарымыздың жасымен жазылған бұл дәуір тарихымызда өшпес дақ болып қалды. Олардың есімдерін есте сақтау, аза тұту - бұл ұлтымыздың ұлы тұлғаларына көрсетілген ұлы құрмет!  Біздің ауданымызда да ерлеріміздің аттары ауылдар мен көшелерге беріліп, еңселі белгілер қойылды. Осынау қиын шақта кең-байтақ қазақ даласына тағдырдың айдауымен шешен, ингуш, түрік, корей, неміс және грек ұлтының өкілдері еріксіз қоныс аударды. Бұл да тағдырдың маңдайға жазғаны еді. Туған топырағын тастап, Қазақстанға келген халықтарға қазақтар пана бола білді. Бүтінді бөліп, жартыны жарып жеген қазақ халқы жылап келген жұртты жатсынбады. Оларға қамқорлық жасап, келешекке деген сенімін, болашаққа деген үмітін ояндырды. Міне, бүгінде сол кезде қиналған халықтар ұрпақтары егемен еліміздің әрбір таңын қазақ халқымен бірге қуана қарсы алуда. Олар бақытты өмір кешіп, татулықтың туын көтеріп, ұрпағын өсіруде. Бұл - тарихи шындық! Бүгінгі күн-өзек өртеніп, жүрек жылаған, көңіл босап, қабырға қайысатын күн. Елі үшін құрбан болған Алаш арыстарының рухы асқақтай берсін!,-деді.

Сонымен қатар қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байтуған Рыспанов,  Жаңатас қаласындағы балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы, оқытушысы  Низами Алиев сөз сөйлеп, өткен ғасырдағы халқымыздың басынан өткен қиын-қыстау күндерді, жазықсыз жапа шеккендер жайлы айтып өтті.

Сондай-ақ, саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған бауырларымызды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, аудандық мекеме, кәсіпорын ұжымдары құлпытасқа гүл шоқтарын қойып, аруақтар рухына тағзым етті.

 

Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйіне қарасты барлық ауылдық клубтарда 

 

31 мамыр күні Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында ауылдық клубтардың ұйымдастыруымен ескерткіш монументіне гұл шоқтарын қоюға  мектеп ұжымдары,барлық мекеме кәсіпорын қызметкерлері  бір минут үнсіздікпен саяси қуғын-сүргін құрбан болған асыл азаматтарды еске алып, әруақтар рухына тағзым етті. Саяси қуғын-сүргін жылдары репрессияға ұшыраған боздақтардың ұрпақтары атынан Саудакент ауылының тұрғыны, Сарысу ауданынынң құрметті азаматы, еңбек ардагері Ө.Сармолдаев сөз сөйледі. Біздің ендігі жерде борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі еске сақтау болып табылады.Және де барлық ауылдық клубтарда осы тақырыпқа сай жастар арасында  ісшаралар өткізілді. Атап айтар болсақ  «Ұрпақтар ұмыта алмас ұлт жарасын» атты тарихи таным кеші, «Тарихтан тағылым» атты  тарих таным сағаты, «Нәубәт жылдар жадымызда» жазықсыз жапа шеккен құрбандарының еске алу кеші, «Азапқа түскен ақ жолдық азаматтар» атты дөңгелек үстел өткізілді. Осындай қайғылы жағдайды  бастан өткерген кезеңдерді әрдайым есте сақтап, Қазақстан халқы бүгінгі күннің қадіріне жете білуі қажет. Ел басымыз Нұрсылтан Назарбаев  айтқандай осы ауыр кезеңде Қазақстан ондаған этнос үшін туған мекеніндей болғанын, көптеген қиындықты бастан өткерген олар бүгінде біртұтас халық. «Халқымыз осы қайғылы оқиғаларды есте сақтауға тиіс. Мұндай қасірет қайталанбас үшін оны болашақ ұрпақ білуі керек. Бүгінде біз құқықтық жаңа мемлекет құрдық. Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалған. Біздің елде саяси қудалауға орын жоқ. Біз эволюциялық даму жолын таңдадық», – деді Қазақстан Президенті.



































 


                             

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз