Бүгін:
kz ru

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жылдық мерекесіне арналған «Отаным- шырқата салған әнім» атты аудандық патриоттық ән байқауы.

  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жылдық мерекесіне арналған «Отаным- шырқата салған әнім» атты аудандық патриоттық ән байқауы.

 

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қолдауымен  аудан  әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жылдық мерекесіне арналған «Отаным- шырқата салған әнім» атты аудандық патриоттық ән байқауы мен «Отаным деп жырлаймын» атты жас жазба ақындар арасында жыр мүшәйрасы өткізілді. Мерекелік іс-шараны аудандық мәдениет үйінің әдіскері Ұзаұбекова Айдан жүргізіп отырды.Бұл

байқау екі кезең бойынша өткізілді.

Ән бойынша: патриоттық және қазақ композиторларының бір әндерін орындау.

Жыр мүшәйрасы бойынша: жас ақындарымыз отанға, туған жерге деген және еркін тақырыпта жырлар оқу.

Сараптай келе ең үздік деп танылған әншілеріміз Саудакент ауылынан Ерікова Ақбота 1-орынға, Маятас ауылынан Оңғарбек Ермахан 2-орынға, Жаңатас қаласынан Амансейіт Айман мен Искакова Гауһар 3-орынға ие болды. Жыр мүшәйрасы бойынша жас ақындарымыз Жайылма ауылынан Аяжанова Аяулым 1-орын, Жаңатас қаласынан Мейірбек Баян 2-орын, Жаңатас қаласынан Совет Айгерім 3-орындарға ие болып, Алғыс хат  және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


















 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз