Бүгін:
kz ru

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына-25 жыл «Сап тізеген сарбаздар»


Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына-25 жыл

«Сап тізеген сарбаздар»

Ұлы Жеңістің 72 жылдығы, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына-25 жыл толуына орай ауданның орталық алаңында аудан әкімдігі білім бөлімін және аудандық мәдениет үйінің бірлесе  ұйымдастыруымен «Сапта жүріп ән салу» байқауы болып өтті. Бұл мерекелік іс-шараны аудандық мәдениет үйінің жастармен жұмыс жасау бөлімінің қызметкері аманбаев Бекайдар жүргізіп отырды.Салтанатты шеруді тамашалауға аудан әкімдігінің бөлімдері мен мекеме басшылары, қызметкерлері және аудан тұрғындары көптеп жиналды. 

Сайысқа орта мектептердің «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің оқытушылары, ауданымызға қарасты барлық мектептер мен Жаңатас көпсалалы, №5 Жаңатас, №11 Сарысу колледждері, жалпы 21 білім ордасының жастары қатысты.

"Сапта жүріп ән айту" байқауына қатысушы мектептердің дайындығы жөнінде аудан әкіміне Жаңатас қаласы Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығының орынбасары, майор Қуаныш Қаныбеков баяндады. Аудандық мәдениет үйінің жігіттер үштігі "Алға, қазақ жігіттері" әнін тамылжыта шырқап, «Туған жер» атты әнді әншілер Абдрахменов Жанарбек, Ұзақбекова Айдана, Ұзақбекова Ақерке  көрермендерді бір серпілтіп тастады.

Аудан әкімі Балабек Жанбекұлы Нарбаев көпшілікті мерекемен құттықтады. Ұрпақты ұлттық патриотизмге тәрбиелеп, жүрегіне отансүйгіштік сезім сәулесін ұялататын шарада балғындар саппен жүруді, бұйрықты бұлжытпай орындауды, патриоттық ән айтуды біркісідей меңгергендерін байқатты. Мұғалім-сардарлар мен оқушы-сарбаздар Отанын, туған жерін, ар-намысын қорғай білетін білімді де білікті жауынгер екенін көрсетті. Мұнан соң, барлық көрермендер аудандық мәдениет үйінде Астана қаласында өткен әскери шерудің тікелей көрсетілімін тамашалады.

Ал байқау нәтижесі бойынша бірінші орынды және ауыспалы кубокты Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы, екінші орынды Абылай хан атындағы орта мектебі сарбаздары жеңіп алса, үшінші орынды Жаңаталап орта мектебі иеленді. Жеңімпаз атанған топтар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 










































 

  

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз