Бүгін:
kz ru

Құт береке дарыған, киелі менің Құланым

 

Қыркүйек  айының сегізінші жұлдызында Тараз қаласындағы «Төрткүл керуен-сарайында» «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Т.Рысқұлов ауданының мәдениет және өнер күніне арналған «Құт береке дарыған, киелі менің Құланым» атты аудан  өнерпаздарының үлкен көлемді концерттік бағдарламасы мен «Құлан-өнер өлкесі» атты қолөнершілер көрмесі болып өтті. Қолөнер бұйымдары мен шебер кескінделген суреттер осы көрмеде көрініс тапты. Театрландырылған қойылымнан бастау алған сазды кештің шымылдығын жергілікті сазгер Мэлс Өзбековтың «Келші Құланға» әні ашты. «Сұлутөр» халықтық ән-би ансамблі, «Сударушка» халықтық  фольклорлық ансамблі, «Сұлұтөр перзенттері» фольклорлық ансамблі, «Құлан сазы» тобы өнерлерін көрсетті. Қазақы оюлармен безендірілген ерекше костюмдер киіп, қыпша бел, жарқын жүзді қазақ арулары «Әдемі-ау» халықтық би ансамблі  өнерлерін барша жұртқа паш етті. Құлан жерінің өнерпаздары қойған концерттік бағдарлама «Киелі Құланым» әнімен шарықтау шегіне жетіп, көрермендердің ыстық ықыласымен аяқталды.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз