«Егемен елім-айбыным, Ата Заңым-тірегім»












Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ауданда салтанатты жағдайда мерекеленді. Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде өткізілген аудан тұрғындары өкілдерінің салтанатты жиынында сахна төріне құрметті күзетпен Республика Туы шығарылып, егемен еліміздің Әнұраны орындалды. Мерекеде аудан әкімі А.Қрықбаеав бабадан қалған сара жол- Ата Заңымыздың шығу тарихына тоқталып, өміріміздің өзегіне айналып отырған Конституцияның мәні мен маңызы туралы мазмұнды баяандама жасап, ауданның әлуметтік- экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бір топ озаттарға аудан әкімінің Құрмет Грамоталары мен Алғыс Хаттары табыс етілді. Іс-шара мәдениет үйінің өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасына жалғасты. Айшықты мерекені тойлау 30-тамыз күні орталық алаңда өз жалғасын тапты.