"Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз" атты мүмкіндігі шектеулі жандар арасында аудандық байқау
Аудандық мәдениет үйінің көрермендер залында өткен «Бәріміз бірдейміз- кемсітуді білмейміз» атты аудандық байқау өз деңгейінде аталып өтті. Байқау 5 шарт бойынша өтті. Олар «Үздік орындаушы», «Үздік би», «Үздік спортшы», «Үздік жасампаз», «Тату отбасы». Байқау жеңімпаздары алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталынды. Үздік орындаушы номинациясы бойынша 1 орынды Байташов Санат, 2 орынды Ахметова Данил, 3 орынды Көбеева Күнсұлу. Үздік би бойынша 1 орынды Қадыр Жандар, 2 орын Ермекбай Сымбат, 3 орынды Жамбыл Іңкәрім, үздік спортшы номинациясы бойынша 1 орынды Несіпқұл Мадияр, 2 орынды Расилов Талғат, 3 орынды Қалиақбаров Бауыржан, үздік отбасы бойынша 1 орынды Тапайханова Фарида, 3 орынды Иманқұлова Бейбіт иеленді. Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының орындауындағы тамаша концертпен жалғасын тапты