Бауырлас елдің бақыт құшағында "Әдемі ау" бишілер ансамблі
11-20 тамыз аралығында Анкара қаласында Етимесгут муниципалисті мэриясының ұйымдастыруымен халқаралық « Анадолы күндері» мәдениет және өнер фестивалі өтті. Мұндағы мақсат – түбі бір түркі тілдес елдердің өзара ынтымақтастығы. Шығармашылық ұжымдарды бір алаңда тоғыстырып, әр халықтың ұлттық музыкасын және өнерпаздарын таныстыру. Осындай игі үлкен іс- шараға «Әдемі –ау» халықтық би ансамблі Қазақстанның атынан қатысып ел мерейін үстем етті. Ресми дерек бойынша фестиваль алаңына күн сайын 20-30 мың адам жиналса сол күні 50 мың көрермен жиналып қазақ өнеріне тәнті болған. Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы қабылдап алғыс хаттармен марапаттады.