Бүгін:
kz ru

Би ханшайымдары

   

Қазақ би өнерінің түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатын белгілі. Бүгінде  бишілер де би ансамблдері де жоқ емес баршылық. Би  әлемі соның ішінде  қазақ биі  ұлттық дәстүр салтты  танытатын ең бір өнердің тиімдесі. Ол халықтың  табиғатында , болмыс тірлігінде әуелден бар. Қанымзға сіңіп қалған дүние. Сондықтан да болар би халықтың жүрек қалауы. Ол онымен бірге жасап келеді. Би – адамның қоршаған ортаға деген сезімінен туындаған әр түрлі қимыл-әрекеттер. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып берілетін өнер.

         Ауданымзда би өнерін өз шыңына көтеріп өнер сүйер қауымды көркемдіктен ләззаттандырып, дүние танымын, өмірге көзқарасын тереңдетеді аудан жұртшылығын қуантып жүрген  «Әдемі –ау» халықтық би ансамблі.  2002 жылдан бері тынбай жұмыс істеп келе жатқан ансамблге  2013 жылы «Халықтық», «Үлгілі» деген атақ берілді. Ансамбльді биікке жетелеп жүрген  жетекшісі Жайсанбаева Ляззат Советқызы биге қатысушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ол әр мерекеге сай жаңа шығарма даярлайды. Биге қатысушылар аудандық мәдениет үйінде өтетін әрбір мәдени іс-шараға белсене қатысып,өздерінің өнерін көрсетіп,көпшілік көңілінен шығуда. Аудандық, облыстық, республикалық деңгейде жоғары көрсеткіштермен дараланып, жетістіктерімен танылған .

Ауданымыздың мақтанышы – «Әдемі - ау» халық би ансамблінің бір жылдық есептік қорытынды концерті жұрт назарына ұсынылды.

Аудан тұрғындары үшін «Әдемі - аудың» үнемі дамып, тың дүниелермен толығып отыратын репертуарын басынан аяғына дейін тамашалаудың сәті түсті. Өнерсүйер қауымның назарына испан биі, попуррилер, ұлтымыздың тарихына көз жүгіртіп, шолу жасатқан ұлттық нақыштағы қойылымдар, орыс ұлттық билері көтеріңкі көңіл сыйлады.

«Әдемі- ау» халықтық би ансамблi жиналған қауымның жүректерiн жаулап, зор қошеметке ие болды.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз