Бүгін:
kz ru

21 мамыр Мәдениет және өнер күні

Ұлттық өнеріміздің өрістеуіне еңбек сіңіріп жүрген ауданымыздың өнер майталмандары "Мәдениет және өнер қызметкерлері" күнін лайықты атап өтті. М. Өзбеков атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Бейсен Әлпейісов құттықтау сөз сөйлеп, аудан әкімі мен "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының Құрмет грамотасымен және аудандық мәслихаттың алғыс хатымен ауданның мәдени өміріне еңбегі сіңген бір топ мәдениет қызметкерлерін марапаттады. Сонымен қатар осы мәдени шараға арнайы келген облыстық драма театрының директоры Болат Бекжанов та облыстық мәдениет басқарамысының Алғыс хатымен марапаттап ақшалай сыйлық табыстады. мереке соңы  мәдениет үйінің көркемөнерпазадарының ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз